АУДАН ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ С.МАМЫТОВТЫҢ 7 МАМЫР-ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ҚҰТТЫҚТАУЫ

0

Құрметті Отан қорғаушылар!

Қадірменді аудан тұрғындары!

Сіздерді тәуелсіз мемлекетіміздің айбынды мерекесі Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!

Отанды қорғау — қашанда қасиетті де қастерлі ұғым болған.

Қай дәуірде болмасын, Отан қорғау әр Қазақстан азаматының қасиетті борышы болып саналған.

1992 жылдың 7 мамырында  Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойылды.

Бұл-батырлықты, ерлікті, қайсарлықты білдіретін мереке!

Бұл күн Отанымыздың тыныштығын қорғап жүрген ерлерімізді ұлықтайтын күн.  Біз аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.

Туған  жерімізді ерлікпен қорғаған және қорғайтын азаматтарымызға, әскери борышын өтеушілерге әрқашан құрметпен қараймыз.

Мереке қарсаңында еліміздің Қарулы күштер қатарында қызмет еткендер мен оның сапында жүргендерге құрмет көрсетеміз.

Бүгінде, Отан қорғаушылар күні — өз Отанын қадірлеп, оның тарихын құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ие барлық ерлердің ортақ мерекесіне айналды.

Құрметті аудан тұрғындары!

Баршаңызды батырлық пен ерліктің, шыдамдылық пен төзімділіктің мерекесі болған — Отан қорғаушылар күнімен тағы да құттықтай отырып, дендеріңізге саулық,  бақыт пен татулық, әрбір шаңыраққа ырыс-береке тілеймін!

Ержүрек ерлеріміздің бұл мерекесі елімізге әрдайым қуаныш пен бейбіт күн әкелсін.

Аспанымыз ашық, бейбіт өміріміз баянды болсын!

Мереке құтты болсын!

Қарулы Күштеріміздің қуаты нығайып, айбыны асқақтай берсін

Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті Қарулы Күштері жауынгерлері мен ардагерлері!

Сіздерді 7 мамыр — Отан қорғаушы күні мемлекеттік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Біз бұл күні Ұлы Отан соғысы ардагерлері, ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен барлық жерлестеріміз, Ауғанстанның отты жолдарымен өткен ержүрек жауынгерлер алдында тағзым етеміз. Тәуелсіздігіміз бен бейбітшілігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, бар өмірін әскери іске арнаған, елімізді қорғап, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, құқық қорғау және арнайы органдарда қызмет атқарып, халқымыздың тыныштығын қамтамасыз ететіндерге ерекше ризашылығымызды білдіреміз.

Қорғаныс қабілетін нығайту — мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Еліміздің Қарулы күштері бүгінде заманауи техникамен жарақтандырылып, жаңа технологиялар белсенді енгізілуде. Әскери дайындықтың қарқындылығы мен сапасы артуда. Отаншылдық рухы қай заманда да қазақ халқының бойындағы айрықша қасиет болып табылған. Қарулы Күштердің жауынгерлері төзімділік пен батылдықтың даңқты дәстүрлерін жалғастыруда. Ауданымыздың сарбаздарыда өздерінің қажыр-қайраттарын, қайсарлықтарын арнап, халқымыздың игілігі мен бейбітшілікті қорғауға лайықты үлесін қосуда.                  Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Әскери қызметшілердің бойындағы патриоттық сезімдерін нығайтып, өсер ұрпақ үлгі тұтарлықтай, ержүрек, намысшыл, адал, қайсар мінезді сарбаздар тәрбиелеу, еліміздің елдігін, мемлекеттің тұтастығын сақтау әрқайсымыздың азаматтық міндетіміз әрі парызымыз.

Қадірлі жерлестер! 

Баршаңызды атаулы мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін. Ардагерлеріміздің дені сау болып, сарбаздарымыздың қызметі табысты болсын. Халқымызға қорған Қарулы Күштеріміздің қуаты нығайып, айбыны асқақтай берсін. Мемлекетіміздің абыройын арттыра түсетін қуанышты күндер көп болсын!

Ш.Мұсабеков,

аудандық мәслихаттың төрағасы

 

Аудан әкімінің міндетін атқарушы С. Мамытовтың 9 мамыр — Ұлы Жеңіс күні мерекесіне арналған

ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл  еңбеккерлері!

Қымбатты жерлестер!

Сіздерді қасиетті де қастерлі мереке — Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Биыл  екінші дүниежүзілік соғыстың жеңіспен аяқталғанына 78 жыл толды.

Бұл — жанқиярлық ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген ерекше күн.

Бұл күн — сол бір қанды қырғыннан қайтпай қалған қыршын боздақтардың асқақ рухтарының аспандайтын күні.

Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Майдангерлердің иығына аса ауыр жүк түсті.

Олар Отаны, елі үшін от болып жанды, оқ болып атылды. Қаншама боздақтар ұрыс даласынан қайтпай қалды.

Ұлы Отан соғысы, әрбір шаңыраққа, әрбір азаматымыздың жүрегіне қаралы ізін қалдырмай қоймады.

Біздің елімізден екі миллионға жуық ұлдар мен қыздар Ұлы Отан соғысына қатысты.

Біз осы қасиетті күні адалдық пен еліне деген жанқиярлықтың үлгісін көрсеткен қаһармандардың рухы алдында бас иіп, тағзым етеміз.

Миллиондаған адам «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деген ұранмен бел шешпей тылда еңбек етті.

Ұлы Жеңісті жақындатуға өз үлестерін қосты.

Тек қан майданда ғана емес, тылда жұмыс істеп, ашаршылықты, ауыртпалықты бастан кешіп, таңның атысынан күннің батысына дейін тізе бүкпей еңбек еткен тыл еңбеккерлеріне бүгінгі ұрпақтың ризашылығы шексіз.

Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен тыл еңбеккерлерінің қатары сиреп барады.

Сондықтан, ардагерлерімізді сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау басты борышымыз!

Ауданымыздағы сұрапыл соғыстың соңғы сарбаздары Ібіжанов Қабыл, Шаменов Кемелбек аталарымыз биыл Ұлы Жеңістің 78-ші мерекесін тойлауда.

Құрметті ардагерлер!

Қадірменді аудан тұрғындары!

Біз Ұлы Жеңісті жақындатуға үлес қосқан, есімдері тарихтың бетінен мәңгі өшпейтін аға буын алдында өлшеусіз қарыздармыз.

Аға ұрпақтың жауынгерлік рухы өскелең ұрпақ үшін отансүйгіштіктің ерен үлгісі болып қала береді.

Баршаңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!

Егемен еліміздің аспаны әрқашан ашық болсын!

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі

Құрметті жерлестер! 

Құрметті ардагерлер мен тыл еңбеккерлері!

Сіздерді қасиетті де ұлы мереке-Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл-Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен қажыр-қайратын танытқан айтулы мереке.

Бүгінгі ұрпақтың аталар сыйлаған бейбіт даму жолын одан әрі жалғастырып жатқан күні.

Майданда елі мен жерінің бостандығы үшін жан аямай, жауға төтеп берген, табанды да қайсар мінезді жауынгерлеріміздің және тылда тынымсыз еңбек еткен ағаларымыз бен апаларымыздың ерен ерлігінің, биік рухының мерекесі.

Ұрпақтың еске алуы мен құндылықтардың сабақтастығы — бұл жанқиярлықпен жеңiске жеткен майдангерлердiң алдындағы бiздiң қасиеттi борышымыз.

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі. Бейбіт өмір мен ұрпақтың бақытты болашағы үшін отқа түсіп, қайғы-қасірет шеккен, соның бәрін қайыспай жеңе білген ардагерлердің жанкешті ерлігі мен еңбегі жадымыздан ешқашан өшпек емес.

Осы қасиетті күні адалдық пен еліне деген жанқиярлықтың үлгісін көрсеткен қаһармандардың рухы алдында тағзым етеміз.

Отан үшін от кешкен, туған жерді жанындай қорғай білген ардагерлеріміздің ерліктерін мақтан етеміз.

Қадірлі ардагерлер мен тыл еңбеккерлері!

Бiздiң елiмiз бен бүкiл адамзат үшiн жасаған барлық ерлiк iстерiңiз, ауыр күндердегі адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшiн Сiздерге тағзым етемiз және үлкен ризашылығымызды бiлдiріп, жан аямас жаужүректілігі мен тыл еңбеккерлерінің ерен еңбектеріне біз әрдайым құрметпен бас иеміз.

Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, зор денсаулық, бейбіт өмір, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін. Әрқашан еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, Отанымыз көркейе берсін!

Ш.Мұсабеков,

аудандық мәслихаттың төрағасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.