АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ БІРІНШІ ҰЙЫМДАСТЫРУ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

0

Ағымдағы жылдың 5 сәуір күні Сегізінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының бірінші ұйымдастыру сессиясы өтті.

Сессияның күн тәртібінде Сарысу аудандық мәслихатының төрағасын сайлау, тұрақты комиссияларын құру және олардың мүшелері мен төрағаларын сайлау мәселелері қаралды.

Сессия шешімімен «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының талаптарына сәйкес Сарысу аудандық мәслихатының төрағасы болып Мұсабеков Шаттық Бапашұлы сайланды.

Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың үш тұрақты комиссияларының атаулары мен құрамдары бекітілді.

Сарысу аудандық мәслихатының «Экономика, қаржы, бюджет, агроөнеркәсіп кешені, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының» төрағалығына депутат Наханов Талғат Кәрібекұлының кандидатурасы;

«Өнеркәсіп, құрылыс, энергетиканы, көлікті, байланыс пен кәсіпкерлікті дамыту және азаматтардың құқықтарын қорғау  мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының» төрағалығына депутат Исентаев Абдулла Изатуллаұлының кандидатурасы;

«Білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік-мәдени даму, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланыс және әйелдер істері мен отбасы-демографиялық сая-сат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының» төрағалығына депутат Айнабеков Қайрат Сайлаубекұлының кандидатурасы; ұсынылып, бекітілді.

Аудандық мәслихат аппараты

 

ТАҒАЙЫНДАУ

Сегізінші шақырылған

Сарысу аудандық мәслихатының төрағасы

лауазымына №8 сайлау округінің депутаты Мұсабеков Шаттық Бапашұлы сайланды.

Мұсабеков Шаттық Бапашұлы 1965 жылы 23 ақпанда Сарысу ауданы Байқадам ауылында дүниеге келген.

1982-1989 жылдары Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын «Инженер-химик-технолог», 2008-2010 жылдары «Қайнар» университетін «Құқықтану»,  2017-2020 жылы Қазақ Ұлттық Аграрлық университетін «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Жамбыл облысы, Сарысу аудандық тері қабылдау мекемесінде цех бастығы болып бастаған.

1997-2000 жылдары «Микроша» өндірістік кооперативінде директордың орынбасары.

2001-2003 жылдары «Ынталы-Су» КМК-ның еңбек қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау инженері.

2003-2006 жылдары  «ШЛ Достар» ЖШС-нің директоры.

2006-2010 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жамбыл облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің бас маман мемлекеттік-инспекторы.

2010-2014 жылдары аралығында Сарысу ауданы, Байқадам ауылдық округінің әкімі.

2014 жылдан осы уақытқа дейін Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметтерін атқарған.

Отбасылы, 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.