ІЗГІЛІК ІЗІН ҚАЛДЫРҒАН ТҰЛҒА

0

Өткен аптада  аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдарының иегері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевқа арналған «Ізгілік ізін қалдырған тұлға» атты тұлғатану кеші өтті. Кештің мақсаты Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмір жолын, қызметін, қайтпас ерліктерін, қарапайымдылығын, ерлеген еңбектерін оқырмандарға насихаттау. 

Шарада Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы  Пернебай Дүйсенбин сөз сөйлеп, Д.Қонаевтың елімізге жасаған игілікті істерін тілге тиек етті.

 Сонымен қатар кітапхана әдіскері А.Жанжолова, абонемент бөлімінің қызметкері Л.Рахимбаева, Дегерес қалалық кітапханасының меңгерушісі Р. Оспановалар Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмірінен алынған естеліктермен бөлісті.

  Сондай-ақ,  өнер бөлімінің меңгерушісі А.Қойлыбекова «Армысың алты алаштың ақсақалы» өлеңін оқырман назарларына ұсынды.  Көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған бөлімінің меңгерушісі А. Досаева «Данаға арнау» өлеңін оқып, коворкинг орталығының қызметкері Р.Қадырбекова Е. Хасанғалиевтің «Атамекен», «Қазақстаным алға» әндерін шырқата  салды.

Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушылары белсене атсалысты.  Одан кейін «Тау тұлға тағылымы» атты кітап көрмесіне ЦАО бөлімінің қызметкері Б.Қойлыбаева библиографиялық шолу жасады.

Кеш соңында  аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры А.Жолмаханова Д.Қонаевпен кездескен сәтін әңгімелей отырып, оқырмандарды Алғыс хаттармен марапаттады.

С.Есқараев, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.