ТАЛАС ЖӘНЕ САРЫСУ АУДАНДАРЫНДА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ШАРАЛАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

0

Талас және Сарысу аудандарында төтенше жағдай салдарын жою бойынша жұмыстар қызу атқарылуда. Ағымдағы жылдың 3-4 қаңтар күндері орын алған қатты жел, қарлы боран салдарынан аталған аудандарда бірқатар нысандар мен электр желілері зардап шеккен болатын.

Дауыл салдарынан бүлінген Жаңатас қаласындағы 7 нысанға күрделі жөндеу  жұмыстары басталған. Облыс басшысының тапсырмасына сәйкес, жұмысты сапалы әрі тез арада аяқтау үшін жергілікті мердігерлер жұмылдырылған. Бүгінде нысандардағы жұмыстар 60-70 пайызға аяқталған.

Аудандық электр желілерін тарату мекемесі тарапынан 270 нысанда жұмыстар жүргізіліп, оның 242-і және 100 шақырым желінің 91-і қалпына келтірілді. Жұмыстар жалғасуда.

Жаңатас қаласының жылыту, ауыз су, кәріз жүйелері қалыпты жағдайда жұмыс жасауда.

Айта кетейік, төтенше жағдай кезінде Жаңатас қаласындағы электр бағаналары құлап, электр желілері тиісті кернеуді таратуда кедергі туындаған. Соған байланысты «Жаңата-Су-Жылу» МКК жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. Осы орайда қазандықтың жеке генераторларының қуаты айналым-сорғыларының қызметін қалыпқа келтіргенше Астанадан жеткізілген ірі дизель генераторы пайдаланылып, қаланы ауыз сумен қамту жүзеге асырылды.

Сондай-ақ, Талас ауданы Қаратау қаласы бойынша зардап шеккен 14 ғимараттың 13-і бойынша күрделі жөндеу (шатырларын толық ауыстыру), ал 1 нысанда ағымдағы жөндеу шаралары қызу жүруде. Барлық нысандар бойынша демонтаж жұмыстары аяқталып, қажетті құрылыс материалдары жеткізіліп, монтаж жұмыстары жүргізілуде.  Қаратаулықтарға су, жарық, жылу үздіксіз берілуде.

Сонымен қатар, аудандағы Есейхан ауылындағы электр желілері толық қалпына келтіріліп, 170 абонент  жарықпен қамтылса, Қасқабұлақ ауылындағы 143 абонент және Қараой ауылындағы 76 абоненттің барлығына дизель генераторлары арқылы электр қуаты берілуде.

Қазіргі таңда Есейхан ауылынан Қараой ауылына дейінгі 18 шақырымдағы жарамсыз болып қалған 40 электр бағанасын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Оған барлығы 56 адам және 11 техника жұмылдырылған. Қараой ауылының ішкі электр жүйесі жарық беруге толық дайын.

Сол секілді, Есейхан-Қасқабұлақ бағытындағы ВЛ-10 КВТ электр желісінің толық жарамсыз болып қалуына байланысты, электр жүйелерінің материалдық жабдықтары жинақталып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Бұл елді мекендерге қойылған генераторлар есебінен ауыз су тұрақты берілуде. Негізгі ауыз су алу станциясының электр желілерін қалпына келтірілу жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда, тұрғындар тарапынан азық-түлік өнімдеріне деген сұраныс қалыпты жағдайда, тапшылық жоқ.

Аудандардағы қатты дауылдан келген шығын көлемі есептелуде.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

В Таласском и Сарысуском районах восстановительные работы идут полным ходом

В Сарысуском и Таласском районах ведется активная работа по ликвидации последствий чрезвычайной ситуации природного характера. 3-4 января в результате сильного ветра в двух районах пострадал ряд объектов, оборваны линии электропередач.

В Жанатасе проводится капитальный ремонт пострадавших 7 объектов.  В соответствии с поручением акима Жамбылской области для завершения работ в установленные сроки задействованы местные подрядчики. На сегодняшний день 60-70% объема работ выполнено.

Работы по восстановлению электросетей проводятся на 270 объектах электроснабжения. На данный момент восстановлено 91 км  линий электропередач из 100 км.

Коммунальные предприятия Жанатаса работают в штатном режиме.

Отметим, что во время ЧП произошло обрушение электрических столбов в районном центре, что вызвало помехи в распределении соответствующего напряжения в электросетях. В связи с этим, ГКП «Жанатас-Су-Жылу» было вынуждено прекратить работу. До нормализации ситуации был подключен дизельный генератор, доставленный из столицы, обеспечена подача воды. 

В Каратау проводится капитальный ремонт (полная замена кровли) 13 пострадавших зданий, а на 1 объекте — текущий ремонт. На всех объектах завершены демонтажные работы, закуплены необходимые строительные материалы, ведутся строительно-монтажные работы.

Жители города Каратау полностью обеспечены питьевой водой, теплом, электричеством.

Полностью восстановлены электрические сети в селе Есейхан (170 абонентов). Для обеспечения электроэнергией 143 абонента в селе Каскабулак и 76 абонентов в селе Караой подключены генераторы.

В настоящее время ведутся работы по восстановлению 40 электрических столбов по направлению Есейхан-Караой.  Задействовано 56 сотрудников, 11 единиц техники.

Проводится ремонт и электрических сетей ВЛ-10 КВТ по направлению Есейхан-Каскабулак.

Для бесперебойной подачи питьевой воды подключены генераторы. В населенных пунктах восстанавливают электрические сети на объектах водоснабжения.

В районах имеется достаточный запас продовольствия. Проводится работа по оценке  материального ущерба.

Пресс-служба акима

Жамбылской  области

Leave A Reply

Your email address will not be published.