ОКРУГ ӘКІМДЕРІНІҢ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ЖИЫНДАРЫ ӨТТІ

0

Байқадам ауылдық округінің әкімі Мейіржан Өксікбаев ауыл тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында ауылдық округ әкімі  М.Өксікбаев  тұрғындар алдында 2022 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндап, тұрғындарды ауылдың даму барысымен және алдағы уақытта атқарылатын  жұмыстарымен таныстырды.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан біраз мәселелер көтерілді.

Атап айтқанда жол жөндеу, көше жарықтандыру, абаттандыру, санитарлық тазалық және  қаңғыбас иттерді аулау т.б. мәселелер қозғалды.

Байқадам ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы  А.Төлмағанбетов ауыл тұрғындарына кейбір жұмыстарға бірге  атсалысуға шақырды.  Ауыл тұрғындары өткен жылғы атқарылған жұмыстарға қанағаттанарлық деген баға берді.

Жиын соңында округ басшысы М.Өксікбаев қойылған сауалдардың ескерусіз қалмайтынын, айтылған ұсыныстарға байланысты нақты шаралар қабылданатынын атап өтті.

Қамқалы ауылдық округінің әкімі М.Төлеутай  ауыл әкімдерінің халықпен кездесу кестесіне сәйкес, округке қарасты Шығанақ ауылы тұрғындарымен кездесіпөткен жылғы атқарылған жұмыстардың есебін берді. Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстармен таныстырды.

Кездесу барысында ауыл тұрғыны А.Баушенов  ЖаңатасЖайлаукөл бағытындағы қоғамдық көлікті тез арада жүргізу туралыауыл мұғалімі Г.Бегманова мектептегі интернет желісінің жылдамдығын арттыру туралы мәселелерді көтердіАуыл әкімі М.Төлеутай көтерілген мәселелерге байланысты жұмыстардың жүргізіліп жатқандығын айтты.

Ауылдық округтегі жергілікті полиция өкілі Қ.Арқабаев округтегі қылмыстың жағдайына тоқталды. Өткен 2022 жылы ешқандай қылмыс орын алмаған.

Ауыл әкімінің есебін тұрғындар қанағаттанарлық деп бағалады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкесбарлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесуін өткізу белгіленген болатын. Арнайы бекітілген кестеге сәйкес, Игілік ауылдық округінің әкімі  Ж. Жанайдаров   өткен 2022 жыл қорытындысымен атқарылған жұмыстар  бойынша ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.

Ауыл тұрғындарын алдағы атқарылатын жұмыстардың жоспарымен таныстырды.

Ауыл әкімінің есебін тыңдаған тұрғындар атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.

Округ әкіміне қолдау білдіріп, бірлесіп жұмыс атқаратындықтарын жеткізді.

Округ әкімі Ж.Жанайдаров тұрғындар тарапынан түскен сұрақтарға тиісті жауаптар беріп, жұмыстар жүргізілетіндігін айтты.

Түркістан ауылдық округінің әкімі А.Шортанбаев ауылдық округке қарасты Арыстанды ауылының тұрғындарымен кездестіАуылдық клуб үйінде өткен кездесу жиынында ауыл әкімі тұрғындарға өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есебін беріп, алдағы жоспарланған жұмыстармен бөлісті.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары ауылдық клуб үйін, Қаратас көшесін жөндеу сияқты мәселелерді көтерді.

 Тұрғындар ауылдық округ әкімінің есебіне қанағаттанарлық деген баға берді.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.