НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ БИЗНЕС-ОМБУДСМЕНМЕН КЕЗДЕСТІ

0

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов ҚР Кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновпен кездесті.

Жамбыл облысында қазіргі таңда 84 811 шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 18 пайызға артық. Кәсіпкерлік саласында 129 мың адам жұмыспен қамтылып, көрсеткіш 4,8 пайызға өскен.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында ШОБ субъектілері 116,2 млрд. теңгенің өнімін өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,6 пайызға артық.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша облыста кәсіпкерлікті қолдаудың барлық мүмкіндіктері тиімді пайдаланылуда. Мемлекеттік қолдау кәсібін ашқысы келетін немесе кәсібін кеңейтемін деген әрбір адамға жетуі керек. Өзекті мәселелер барлық мүдделі тараптардың бірлескен күшімен шешілуде, – деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы бизнес-қоғамдастықпен тығыз байланыс орнату үшін төрт арнайы алаң іске қосылғанын атап өтті. Олар: инвестициялық штаб, облыстық прокуратура жанынан құрылған сараптамалық кеңес, кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің көмегімен құрылған платформа, іскер әйелдер кеңесі.

Бизнес-омбудсмен Жамбыл облысында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды жоғары бағалады.

— Өңірлер бойынша Жамбыл облысының көрсеткіші жақсы. Бүгінде біз өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту бойынша атқарылып жатқан жүйелі әрі кешенді жұмыстардың куәсі болып отырмыз — деді ол.

Басқосу барысында автобус тасымалы саласына субсидия бөлу, кәсіпкерлерге жер телімдерін беру, мемлекеттік сатып алуларға қатысты мәселелер талқыланды.

Жамбыл облысы әкімінің

баспасөз қызметі

Нуржан Нуржигитов провел встречу с

бизнес-омбудсменом

Аким Жамбылской области Нуржан Нуржигитов провел встречу с Уполномоченным по защите прав предпринимателей Казахстана Рустамом Журсуновым.

В Жамбылской области зарегистрировано 84811 субъектов малого и среднего бизнеса, что больше на 18 процентов по сравнению с прошлым годом. В сфере предпринимательства заняты 129 тысяч человек, это больше на 4,8 процента.

За первый квартал 2022 года субъектами МСБ было произведено продукции на сумму 116,2 миллиарда тенге, что больше на 14,6 процента по сравнению с аналогичным периодом прошлого года.

— По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в регионе эффективно используются все инструменты поддержки предпринимательства. Перед нами поставлена четкая задача – помощь государства должна дойти до каждого человека, который хочет открыть свое дело или расширить бизнес. Проблемные вопросы решаются совместными усилиями всех заинтересованных сторон, — сказал аким области.

Глава региона добавил, что для установления более тесных контактов с бизнес-сообществом запущены четыре специальные площадки: инвестиционный штаб, экспертный совет, созданный при областной прокуратуре, площадка,  созданная при содействии регионального совета палаты предпринимателей, четвертая — с участием совета деловых женщин.

Бизнес-омбудсмен дал высокую оценку работе в сфере защиты прав предпринимателей, проводимой в Жамбылской области.

— В разрезе регионов Жамбылская область всегда отличается хорошими показателями. Сегодня мы наблюдаем системную и комплексную работу по развитию бизнеса, — сказал он.

В ходе встречи обсуждены ряд проблемных вопросов, в том числе, касающиеся выделения субсидий в сфере автобусных перевозок, предоставления бизнесменам земельных участков, проведения государственных закупок.

Пресс-служба акима

Жамбылской области

Leave A Reply

Your email address will not be published.