ТАБИҒАТ ТІРШІЛІКТІҢ ҚҰТ — БЕРЕКЕСІ

0

Адам — табиғаттың ажырамас бөлігі. Табиғат пен адам қатар ұғым. Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты қасиет тұтуы керек.

Табиғат тіршіліктің құт — берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз.  Табиғатты қорғау, сақтау қазіргі жастардың қолында. Қазақ халқында табиғатты құрмет тұтады. Адам табиғаттың патшасы деген ұғым бар. Сондықтан табиғат адам үшін асыл ана. Өйткені адам баласы табиғаттың тіршілігінде өсіп — өніп, жетілген. Табиғат — ырыздықтың, ырыс пен мол қазынасының қайнар көзі, адам денсаулығының сенімді сақинасы. Қазіргі табиғаттың ластануы үлкен — мәселе. Бұл барлық дүние жүзінде қарастырылуда.

Табиғат — сөз жетпес сұлулық, баға жетпес қазына, көз тоймайтын әсемдік, айтып жеткізе алмайтын қыры мен сыры мол құбылыс болғанымен қазір сол табиғат нашарлап, ластануда соның салдарынан адам өміріне қауіпті жағдай тудыруда. Біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет. «Бір тал кессең, он тал ек», «Жер құтты болса, мал сүтті болады»- демекші, айналамызда табиғаттан лас иісті, ауру тудырушы бактерияларды жоюшы тал, жасыл желек. Егер осы мәселе қаралмай қала берсе төңірек ластанып кетеді. Табиғаттың зардаптарына төтеп беру үшін табиғатты ластамай қорғауымыз керек.  Сонымен қатар өрт туындауына алып келетін ең көп тараған себеп – отты пайдаланудағы абайсыздық. Сонымен қатар адам өміріне қауіп төндіретін тілсіз жаудың орын алуына отты пайдалану ережелерінің бұзылуы. Сондай-ақ үйде, табиғатта немесе көшеде ойланбай тасталған сіріңке, темекінің тұқылы үлкен қасіретке айналуы мүмкін. Сондықтан кез келген азамат өрт қауіпсіздігі ережелерін, оның шығу себептерін және дұрыс әрекет жасауды білу керек.

Бүгінгі таңда көпшілік су жағалауына, табиғат аясына шығып демалуда. Осындайда өрт қауіпсіздігін сақтаған дұрыс. Отты пайдаланып, өшірмей кетіп, ол үлкен өрттің тұтануына себеп болатынын қаперімізден шығарып аламыз. Орын алған өрт ауданы бір қарағанда болмашы болғанымен, кей уақыттарда жүздеген шаршы метр жерлерге жетіп артады. Бұл әсіресе жазғы уақыттарда өте жиі орын алады. Сондықтан осындай шақта сақтық шараларын жасаған абзал. Одан бөлек орман-тоғайда да күнның ыстықтығынан темекі тұқылының өзінен шөп, ағаш тұтанып кеткелі тұр. Бұған да өте сақтықпен қарауымыз керек. Өйткені орман-тоғайды өрт шалса, қоршаған ортаның ластануына әкеліп соғады. Оның адам денсаулығына кері әсері көп.

Жалпы ашық от қолдану кезінде өте мұқият болыңыздар. Тек қатаң сақталған қауіпсіздік ережелері өртті болдырмайды және материалдық шығыннан сақтайды.

Н.Оразалиев,

«Сарысу ормандарды

және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі  Жайлаукөл

орманшылығын Орманшылық басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.