«ҚЫЗЫЛ ЖЕБЕСІ»

0

Ұлт рухының жаршысы

Биыл қазақ әдебиеті мен журналистика саласында өшпес із қалдырған белгілі қаламгер Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл. Қара сөздің зергері Мұртазаны халқы «Шерағаң» деп қадір тұтты. Алаштың асыл ұлы ұлттық баспасөздің биік бәйтерегі бола білді.

Шерхан Мұртаза — бар жан-жүрегімен ұлтына адал берілген, руханияттың көшбасшысы бола білген ардақты ұлдарының бірі. Әрине, ұлы тұлғалар ұлттық болмысымыз бен елдігімізді сақтау жолында қай істе де жанын аямай, жан ынта-ықыластарымен қызмет ете білген. Осындай тұлғалар қатарында абыз жазушы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның да орны өзінше дара, өзінше дана.

Осы аптаның сәрсенбісі күні аудандық кітапхананың  ұйымдас­тыруымен   Халық жазушысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына арналған «Ұлт рухының жаршысы» атты оқырмандар конференциясы болып өтті.

Конференцияға облыстық мәс­лихат хатшысы Махмедхали Сарыбеков,  аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев, аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмаханов,  жерлес  жазушы, «Алаш», «Дарабоз» сыйлықтарының иегері  Пернебай Дүйсенбин, қарымды қаламгер, ақын, журналист Бергентай  Нұрмаханұлы, ауданның Құрметті азаматы Жамбыл Шадиев және ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлнұр Алтынбекова,  мәдениет және  тілдерді дамыту  бөлімінің басшысы Салтанат Жақсыпейлова, кітапхана оқырмандары  қатысты.

Конференцияның «Тау тұлғалы қаламгер» бөлімінде Шерхан Мұртазаның өмір жолынан кітапха­нашы Рахымбаева Луиза мәлімет берді.

Басқосуда қонақтар жазушының өміріне, шығармаларына кеңінен тоқталып өтті.

Іс-шара барысында  жазушының «Қара маржан» шығармасын  кітапхана әдіскері Ақжарқын  Жанжолова  қысқаша түсіндіріп өтті.  М.Әуезов атындағы мектеп-гимназияның қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі Тулебаева Гүлжан жетекшілік жасайтын 9 ә сынып оқушылары іс -шараға белсене атсалысты. Аманжолұлы Олжас ақын Қ.Шолақтың «Алаштың абыройлы ар тауындай» атты өлеңін оқып берді, Жұмағалиұлы Әсет «Қызыл жебе», «Бір кем дүние» шығармаларынан үзіндіні  М.Әуезов атындағы мектеп-гимназияның 9«ә» сынып оқушылары Дүйсенұлы Арман, Сайлау Бексұлтан, Бекболатқызы Нұрдана, Жұмабекұлы Ерасыл тоқталып өтті.  Аманжол Ұлсана ақын Қ.Асановтың «Шерхан аға», ақын Қуандық Шолақтың  «Алаштың абыройлы ар тауындай» атты өлеңін Жұмағали Олжас оқып берді.

М:Әуезов атындағы мектеп-гимназияның 8-сынып оқушылары Ержан Бекжан, Өркенқызы Мейірім, Жұмабекұлы Ерасыл жазушының шығармаларын айтып берді. Сонымен қатар   Елеусіз Бекжан, Ержан Нұрай домбырамен күмбірлете күй тартты. Ақын Темірхан Медетбектің «Алаштың абыройлы ар тауындай» атты өлеңін өнер бөлімінің меңгерушісі Айгүл Қойлыбекова  оқып берді.Жаңатас қалалық балалар кітапханасының кішкентай оқырмандары «Бала Тұрар» атты көрініс көрсетті. Мәдениет үйінің қызметкері Ж.Абдрахманов «Ағаға арнау» әнін тамылжыта шырқап, көрермендерді бір серпілтіп тастады. Абылай хан атындағы мектеп –лицейінің 10-сынып оқушысы Көбей Аяжан  «Қызыл жебе» шығармасының бір бөлімін әңгімелеп берді.Ақын Ә.Шегебайдың «Шерхан шері» атты өлеңін Жаңатас көпсалалы колледжінің 2 курс білімгері Боранбаева Арайлым  оқып берді.  «41 жылғы келіншек» шығармасына  Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның қазақ тілі және әдебиет мұғалімі Сәуле Сүйінбаева шолу жасады. «Ай мен Айша» шығармасын  Д.Қонаев атындағы орта мектептін 11 сынып оқушысы Искакова Жанерке түсіндірді. Қазақ  әдебиетінің Қызыл жебесі» атты кітап көрмесіне кітапхана қызметкері Досаева Аяулым библиографиялық шолу жасады.Іс -шара соңында Сарысу аудандық кітапханалар жүйесінің директоры Жолмаханова Айтбала Абухасқызы сөз сөйлеп, қатысқан оқырмандарды  марапаттады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.