САУДАКЕНТ ЖҰЛДЫЗЫ

0

Саудакент ауылдық мәдениет үйінің  ұйымдастыруымен, «Рухани жаңғыру» идеясын қолдау арқылы халқымыздың сан ғасырлық мәдени мұрасын, салт-дәстүрін кейінгі ұрпаққа насихаттап,  бала бойындағы дарынын байқап, оны шыңдау мақсатында, сонымен қатар «Балалар жылына» байланысты  «Саудакент жұлдызы» байқауы өткізілді. Сайысқа 14 үміткер  қатысты. Бұл байқау жас дарындардың өнер жолында қалыптасуына жол ашады.  Пәк көңіл, періште пейілді бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салып, көрермендер қошеметіне бөленді. «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй»,- деп,  данышпан ақын Абай атамыз айтқандай жақсы ән мен күйдің сиқырлы әуені  адамның жан дүниесін әдемі әсерге бөлеп, көңіл күйін сергітеді. Балалардың музыкаға бейімділігін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған  бұл  «Саудакент жұлдызы» байқауы өте тартымды өтті.  Әйтеке би атындағы орта мектебінен қатысқан Өмірзақ Диана  «Бас жүлде» иегері атанды. 1-орынға Шоқай датқа атындағы орта мектебінің оқушысы Зауалмақан Бақдәулет,  2-орынға  Ы.Сүлейменов атындағы орта мектебінің  оқушысы  Кемпірбай Ақерке,  3-орынға Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің оқушысы Ерланқызы Ұлдана  ие болды.

Байқау соңында «Талаптарың таудай, қанаттарың талмай, биіктерге самғай беріңдер» — деген ақ тілектерін айтып қазылар алқасы жылы лебіздерін білдіріп, мадақтама қағазы мен заттай сыйлықпен марапаттады.

Камели Сүлейменова, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.