ЖОҒАРЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЖҮКТЕДІ

0

Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Президент Жолдауда бізді тың өзгерістер күтіп тұрғанын атап айтты.

Жолдауда елде қоғамдық тәртіпті орнықтыру — өзінің Президенттік әрі перзенттік парызы екендігін айта келе, Кешенді жаңғырту бағдарламасында жұмыла іске кірісуге шақырды.

Сонымен бірге, көпірме сөз бен бос уәдеден арылып, құлақ естіп, көз көретін іске көшу керектігін де қадап айтты. Осы ретте депутаттарға жүктелген жоғары міндеттермен, халық қалаулыларын берген уәденің үдесінен шығуға үндеді.

Жолдауда жаныма жалау болған бағыттардың бірі — Құқық қорғау институттарын күшейту арқылы Адам құқығын қорғау туралы Заңға өзгеріспен әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды.

Саяси құжатта қамтылған тағы бір маңызды мәселелердің бірі — билік пен қоғам арасындағы көпір ретінде қызмет ететін Ұлттық құрылтай құруды ұсынды. Мемлекет басшысы өз сөзінде: „Ұлттық құрылтай құрамына барлық облыстардың өкілдері, депутаттар, қоғам белсенділері, кәсіпкерлер, фермерлер мен ҚХА өкілдері кіреді. Осылайша, біз әлеуметтік маңызды мәселелер қарастырылатын алаңға ие боламыз”, — деді.

Елді елең еткізген тағы бір жаңалық әкімшілік-аумақтық мәселелерге қатысты Семей аумағынан Абай облысын құру болса, Жезқазған өңірінен Ұлытау облысының құрылатындығы мәлім болды.

Маңызды шешімдер — ашықтық пен шынайылықты қажет ететіндігін алға тартқан Президент Жаңа Қазақстанды құру Егемен еліміздің  болашақтағы жарқын бейнесі екендігін екшелеп айтты.  Әрбір азамат алдына қойған мақсатына жету үшін межелі міндетімізді айқындап, өзгерісті өзімізден бастағанымыз жөн деп білемін.

С.Дариябеков,

аудан әкімдігі ауылшаруашылық бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.