Батыр ата атындағы турнир

0

Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Әшім Қосыбайұлы 1921 жылы дүниеге келген. Ел басына күн туған 1941-1945 жылдары толарсақтан қан кешіп, келешек ұрпақтың жарқын болашағы үшін өз өмірін қатерге тігіп, майдан даласында болды. Соғыс жылдары 18 десанттық армияның қатардағы жауынгері болған. Ұлы Отан соғысы кезінде «Отечественной войны 1 степени» ордені және көптеген медальдармен марапатталған.

Қан құйлы соғыстан аман-есен оралып, 1946-1957 жылдары Сарысу колхозында жұмысшы, 1957-1964 жылдары совхозда трактор бригадирі, диспетчер, нормировщик, Жаңатас қаласындағы автоколоннада слесарь және Түркестан, Жаңатас совхозында әр түрлі салаларда жұмыстар атқарған. Ұлы Отан соғысының ардагері Ә.Қосыбайұлының есімі     Ұ.Сыздықбайұлы ауылында бір көшеге берілген.

Жылдағы дәстүр бойынша мереке қарсаңында спорт мектебінің жаттықтырушысы, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерінің немересі  Рүстем Ахметовтің ұйымдастыруымен ардагерді  еске алуға арналған грек-рим күресінен 2008-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында V республикалық турнир болып өтті.

Турнирге Қазақстан Республикасының түкпір- түкпірінен он екі команда, 300-ден аса балуан қатысып, бақтарын сынады.

Сайыс нәтижесінде жаттықтырушылар Ж.Өскенбеков, А.Өскенбеков, Н.Ашим, Б.Өтегеновтің шәкірттері  Дидар Сартай бірінші, Дінмұхамед Борис, Алдияр Борис екінші, Мейірхан Аймахан, Бекарыс Ескермес, Беделхан Жолдасбек, Досжан Мыңжасар, Мирас Талғат үшінші орындарды иеленді.

Жарыс жеңімпаздары аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімі тарапынан Алғыс хат, медальдармен марапатталса, ардагер отбасы атынан бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Камели Сүлейменова, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.