МАЛДАРЫҢЫЗҒА ЖОЛАҚ ІЛІҢІЗДЕР

0

Жол үстіне шыққан мал кесірінен болатын жол апаттарын азайту мақсатында жылқылардың мойнына жарық  шағылыстыратын жолақтар  іліну керектігін жергілікті атқарушы орган тарапынан осы уақытқа дейін бірнеше мәрте ескертулер, түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Алайда тұрғындар немқұрайлы қарауда.

Жол полиция қызметкерлерінің айтуынша,  түнгі уақытта жарық шағылыстырғыш  жолақ  көлік  жүргізушісіне 300-350 метр қашықтықтан анық көрініп, көлік апатын болдырмауға сеп болады.

Түнгі уақыттарда жолда жатқан немесе жайылып жүрген ірі қараны байқау өте қиын. Басты мәселе де сол — мұндай жол апаттары жағдайында кімнің кінәлі екенін анықтау мүмкін емес, себебі жүргізуші өзі қателессе де, оны мойындамай жатады.

«Біз тұрғындармен кездестік. Оларға адамдар қаза тапқан жол-көлік оқиғаларының видеоларын көрсеттік. Оның бәрі жолға  шыққан қараусыз ірі қара малдың кесірінен болған. Бұл тұрғындарға ой салды. Біз қала тұрғындарынан  жол апаттарын болдырмау үшін өз тараптарынан қауіпсіздік шараларын қолға алуды сұрап, біздің бұл әрекетіміз ертең біреудің өмірін сақтап жатса үлкен үлгі емес пе?! Ең алдымен көлік жүргізушілерінің қауіпсіздігі үшін керек. Мойнында жарқыраған жолағы бар жылқы қараңғыда алыстан көрінеді», — дейді Сарысу аудандық полиция бөлімі бастығының жедел ісі жөніндегі орынбасары  Болат Ілесбекұлы.

Малы бар жергілікті жұрт бұл өзгеріске оң қабақ танытып отыр. Себебі түнгі уақытта малдың қай тұста жайылып жүргенін біліп отыру оларға да қажет.

Жолақтар қымбат емес. Әрқайсысының бағасы метрі 100 теңге көлемінде.  Жолақты малдың мойнына немесе құйрығына байлап қою керек. Егерде жолақты таппай жатырған тұрғындар болса Жаңатас қаласы әкімі аппаратының    тел: 6-22-04;  8-702-364-04-88 нөміріне хабарласуларыңызға болатынын хабарлаймыз.

Жаңатас қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша қаңтар-наурыз айларында атқарған жұмыстары туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы    1 қазандағы  №301 бұйрығына сәйкес Жаңатас қаласы әкімі аппараты жер қатынастары саласында 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Олар:

Мемлекеттік қызметтің атауы Түскен өтініштердің саны Шешім берілгені
1 «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» 6 2
2 «Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру» 13 8
3 «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» 55 23
4 «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» 35 14
5 «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою». 72
  Барлығы 180 47

Жаңатас қаласы әкімінің 55 шешімі шықты. Оның 47 шешімі мемлекеттік қызмет көрсету бойынша, қалған 8 шешім әр түрлі мақсаттарда (бюджет, шешімнің күшін жою, қайта құрамдау және т.с.с) шыққан.

ЖАҢАТАС ҚАЛАСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫ

Leave A Reply

Your email address will not be published.