ҚАЗҰУ — БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ!

0

Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ  еліміздегі көпсалалы әрі өзінің тарихи атауын қалыптастырған алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындар санатын толықтырады. Қазіргі таңда ҚазҰУ еліміздегі ғана емес, сонымен қатар, ТМД елдері мен әлемдік рейтингте жоғары деңгейлі орынға ие жоғары оқу орны ретінде танылып отыр.

Бұл әлемдік рейтингтен орын алуда қара шаңырақ ҚазҰУ – нің әрбір факультеті мен басшылық бірлестігінің арқасында десек болады. ҚазҰУ – нің негізгі жетістікке жетуге жетелеген факультеттің бірі «Экономика және бизнес жоғары мектебі» деп айта аламыз. Аталмыш факультет бүгінде мемлекетіміздің даму мен болашағы үшін білімді мамандар дайындауда және білім беру ісінің үздік деңгейін танытып отыр. Экономикалық мамандықтардың массалығын сақтау, білім беру жүйесінің сапасын арттыру, оқу ісінің тұрақтылығы мен маман дайындау ісіндегі нақты нәтижеге қол жеткізу факультеттің басты жұмыс жасау тетігі ретінде сипатталады. Ал, мен білім алып жатқан «Экономика» кафедрасының қалыптасуы, Қазақстанның экономикасының түрлі сипатта дамуымен, экономикалық білім берудің  тереңдігін түсіну тұспа – тұс келе жатыр. Болашақ жас мамандардың бәсекеге қабілетті болуы, білім жүйесімен толық қаруландыру, жеке дара қабілеттердің шыңдалуы мен қоғам үшін пайдалы болатындай мақсаттарды әр жыл сайын жүзеге асыру кафедраның алға қойған мақсаттары деп айта аламыз.  «Экономика» кафедрасы жұмыс жасап келе жатқан сәттен бастап, білім беру ісінде кәсіби деңгейдегі мамандарды даярлау мақсатында ҚазҰУ берген мүмкіндіктер жүйесінде көптеген студенттер өз білімдерін шет ел мемлекеттерінде толықтыруға мүмкіндік алып жатыр.  Кафедраның білім беру бағдарламасы дамуындағы атаулы жетістіктер мен университеттің бекіткен академиялық саясатына белсенді қатысуынан бүгінде келесідей түйін жасауға болады: еңбек нарығында сұранысқа ие экономика саласы бойынша кадрлар әзірлеу мен жоғары білікті мамандар даярлауда өте сапалы дамыған білім – ғылымға негізделген қоғамдық орталық болып табылады. «Экономика» кафедрасы ұстаздарының терең білімі мен кәсіби біліктілігінің арқасында студенттер көптеген жетістіктерге жетіп, жаңа белестерді бағындыруда. Студенттердің кейбірі өзінің жаңа қырларын оқу – білім негізінде қалыптастырса, кейбір студенттер жаңа қоғамдық ортаны тану, сондай – ақ, университет ішілік ұйымдарға мүше болу арқылы қол жеткізіп жатады.

Қорытындылай келе, әлемге әйгілі ғалым Әбу Насыр әл – Фараби былай деп ой тұжырымдайды: «Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген нақты ұғым». Осындай тұжырымды ойдан түйетініміз, оқу – білім саласының жаңа қырларын ашуға адамзат қашан да дайын болу. Ал, білімді тұлғаны дайындауда және оның мақсатты белестерді бағындыруына ҚазҰУ сапалы әрі кәсіби мамандарды әзірлеу арқылы қол жеткізеді деп қорытындылаймыз.

Иябай Бекасыл Бахытұлы, ҚазҰУ экономика және бизнес жоғары мектебі, “Экономика” мамандығының 4-курс студенті

Жетекші: Т.И.Какижанова ҚазҰУ экономика және бизнес жоғары мектебі э.ғ.к., аға оқытушысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.