ҚАЗАҚСТАНДА 700-ДЕН АСТАМ ЖЕКЕ КЛИНИКАЛАР ТМККК ЖӘНЕ МӘМС ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТЕДІ

0

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2022 жылы 1389 медициналық ұйыммен, оның ішінде Жамбыл облысы бойынша  — 71 медициналық ұйыммен медициналық қызмет көрсетуге шарт жасасты, оның жартысынан көбі – жеке меншік ұйымдар. Биыл еліміз бойынша халыққа медициналық қызметтерді қаржыландыруға 2 трлн. теңге қарастырылған, мұның ішінде 838 млрд. теңге МӘМС жүйесінде бағытталады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында атап өтілгендей, МӘМС жүйесі «пациент қай жерге қаралса, ақысы сонда аударылады» қағидаты бойынша жұмыс істейді.

«Пациенттің қандай да бір тексерулерден өту кезінде Қордың деректер базасындағы медициналық қызмет жеткізушілер тізбесінен медициналық ұйымды таңдауға құқығы бар. Ол үшін учаскелік дәрігердің немесе өз емханасының тар бейінді маманының жолдамасы болуы қажет», — деп хабарлады „ ӘМСҚ „ КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Ляззат Алимова.

Қордың медициналық қызмет жеткізушілері арасында жеке клиникалар үлесі басым екенін атап өткіміз келеді – 717 медициналық ұйым. Бұл Қордың барлық қызмет жеткізушілерінің 50% — дан астамы. Азаматтар мамандардың консультацияларын алуға, диагностикалық процедуралардан, оның ішінде жеке медициналық ұйымдарда ақысыз, медициналық сақтандыру шеңберінде учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша өтуге мүмкіндігі бар. Науқастардың алған қызметтері үшін төлемді Қор жүргізеді», – деп Қордың Басқарма Төрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджан атап өтті.

Тіркелген жері бойынша емханада қызмет көрсету мүмкіндігі болмаған жағдайда дәрігер осы қызметтерді көрсетуге бірлесіп орындау шарты жасалған басқа медициналық ұйымға жолдама беруі тиіс. Немесе пациент осы қызметті көрсететін Қордың жеткізушілері ішінен медициналық ұйымды өзі таңдай алады. Онда учаскелік дәрігерден жолдама ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінде автоматты түрде бірлесіп орындау шартын қалыптастыру үшін негіз болып табылады.

Қор сайтында медициналық қызмет жеткізушілер тізімін қалай пайдалануға болады?

Қордың fms.kz сайтында «Пациент үшін» деген бөлімде «Емхананы таңдау» деген кіші бөлімде ТМККК және МӘМС медициналық көмек көрсетушілерінің тізбесі келесі сілтеме бойынша орналастырылған: https://fms.kz/kontaktnaya-informatsia/vybrat-kliniku/. Тізімдерде Сіз өзіңіздің тұратын облысыңызды немесе аймағыңызды, содан кейін медициналық көмек түрін таңдауыңыз керек. Сондай-ақ, мұнда ЭКҰ, медициналық оңалту қызметтеріне жеткізушілер тізбелері, қажетті уақытта жаңартылып отыратын бірлескен орындаушылардың тізбелері жарияланады.

Консультациялық-диагностика- лық қызметтерге өнім берушілердің тізбесі-стоматология, рентгенография, ПТР-тестілеу, КТ және МРТ  келесі сілтеме бойынша орналастырылған: https://fms.kz/zakupki/postavshchiki-kdu-uslug/.

Егер сізде медициналық көмектің сапасы мен уақтылы көрсету бойынша сұрақтар туындаса, сіз емхананың Пациенттерді қолдау және Ішкі аудит қызметіне немесе сізге ыңғайлы келесі байланыс арнасы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіне аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.

«Әлеуметтік медициналық

 сақтандыру қоры» КЕАҚ

Жамбыл облысы бойынша

  филиалы

Leave A Reply

Your email address will not be published.