Құрылтай сайлауы саяси жүйені жаңа деңгейге шығарады
Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау елдің қоғамдық-саяси дамуындағы маңызды кезеңдердің бірі саналады. Бұл саяси науқан азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне белсенді қатысуына мүмкіндік беріп, қоғам мен билік арасындағы өзара сенімді нығайтуға бағытталған.
Құрылтай сайлауы халықтың еркін білдірудің тиімді тетігі ретінде демократиялық қағидаттарды одан әрі орнықтыруға ықпал етеді. Әрбір азаматтың дауысы елдің болашақ даму бағытын айқындауға үлес қосады. Сондықтан сайлауға белсенді қатысу азаматтық жауапкершіліктің көрінісі болып табылады.
Сайлау үдерісінің ашықтығы мен әділдігі қоғамның саяси мәдениетін арттырып, мемлекеттік институттарға деген сенімді күшейтеді. Бұл өз кезегінде заң үстемдігін қамтамасыз етуге, қоғамдық келісімді сақтауға және тұрақты дамуға негіз қалайды.
Құрылтай құрамына лайықты әрі білікті азаматтардың сайлануы халықтың өзекті мәселелерін көтеруге, маңызды бастамаларды жүзеге асыруға және ел дамуына тың серпін беруге мүмкіндік береді.
Еліміздің болашағы әрбір азаматтың таңдауы мен белсенділігіне байланысты. Сондықтан Құрылтай сайлауына қатысу арқылы әрбір қазақстандық мемлекетіміздің саяси жүйесін жаңа деңгейге көтеруге өз үлесін қоса алады.
Ж. ОРЫМБАЕВ, Жаңатас қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы