ЖАҢА БИЗНЕС-ИДЕЯЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУҒА ГРАНТТАР БЕРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ НЫСАНАЛЫ ПАЙДАЛАНЫЛУЫНА МОНИТОРИНГТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ

0

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз гранттар (бұдан әрі- гранттар) халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы адамдарға конкурстық негізде 400 еселенген айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне дейін беріледі, оларға мыналар:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
2) төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылар, оның ішінде жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар, олар он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітірген уақытқа дейін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алушылар (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) және (немесе) оның жұбайы (зайыбы);
3) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушылар;
4) қоныс аударушылар;
5) қандастар;
6) еңбек етуге қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;
7) мүгедектігі бар бала(мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған адамдар және (немесе) оның жұбайы (зайыбы) жатады.
Гранттар жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі 1 (бір) жылдан аз дара кәсіпкер ретінде гранттар алуға өтініш бергенге дейін тіркелген жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі.
Бұл ретте, тиісті қаржы жылының республикалық бюджеті туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.
Гранттар бір рет беріледі және нысаналы мақсаты бойынша қажетті еңбек құралдарын, мүкәммалды, технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу, коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерінің, сондай-ақ сауда объектілерінің, оның ішінде жалға алу, пайдалану, сенімгерлік басқару құқығындағы сауда объектілерінің аумағында жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған үй-жайларды жалдау ақысын төлеу үшін беріледі.
Гранттар беру жыл ішінде екі лекпен business.enbek.kz сайты арқылы 24.06.2026-08.07.2026 жылы өтінім беруге болады.

Р. Ахметова, Сарысу ауданы бойынша мансаптық орталық филиалының маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.