«Отбасында зорлық -зомбылықсыз Қазақстан»

0

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында отбасын қолдау орталығының психолог маманы Гүлзира Конирбекова мен заңгер маманы Әуес Утееваның ұйымдастыруымен, аудан әкімінің орынбасары, мобильдік топ жетекшісі Жұмат Сақыпбековтың қатысуымен «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» акция­сы аясында аудан мекемелері қызметкерлері арасында «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ: психологиялық және құқықтық қолдау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда зорлық-зомбылыққа «мүлдем төзбеушілік» мәдениетін қалыптастыру, бала құқығын қорғау деңгейін арттыру, сондай-ақ отбасындағы өзара сыйластық пен қауіпсіз ортаны нығайту.
Жиын барысында орталықтың психолог маманы отбасылық жанжалдардың себеп-салдары, оның адам психологиясына әсері және отбасындағы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру жолдары туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар қатысушыларға психологиялық жаттығулар ұйымдастырылып, өзара түсіністік пен сенімді қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған жұмыстар жүргізілді.
Ал заңгер маманы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықбұзушылыққа жол бермеу және заң аясындағы қорғану тетіктері жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиын соңында қатысушылар тақырып аясында өз пікірлерімен бөлісіп, отбасылық құндылықтарды сақтау мен зорлық-зомбылықтың алдын алудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.