Таза болсын айналаң

0

Көктем мезгілінің басталуына санаулы күндер қалды. Бұл күнді күтіп отырмай-ақ ауданда сенбілік жұмыстары басталып та кетті.

Тазалық жұмыстары барысында аудан әкімдігінің барлық мекеме ұжымдары өздеріне белгіленген жерлерді тазалады. Сенбілікке барлығы он тоғыз мекемеден 123 адам тазалық жұмыстарына шығып, ауа райының суықтығына қарамай арықтардың іштерін тазалап, бей-берекет шашылып жатқан қоқыстарды белгіленген жерге алып барып тастады. Нәтижесінде бір тоннадай қоқыс шығарылды.
Ал, дүйсенбі күні сенбілік жұмыстары ойдағыдай атқарылып, жұмысқа келе жатқан жолдардағы арықтардың ішінде қара пакетке салынып, тасталған қоқыстарды, шашылып жатқан қағаздарды көріп, көңіліміз су сепкендей басылғандай болды. Үйден шыққан қоқыстарды белгіленген орынға апарып тастаса, нұр үстіне нұр болар еді. Қаланың тазалығы бәрімізге ортақ екендігін ұмытпағанымыз абзал.
Сенбілік-тазалық кепілі. Әр адам, әр ұжым сенбілікке кішкене де болса да атсалысып, үлесін қосса, тазалыққа деген жауапкершілігі де арта түседі. Қала тазалығына үлес қосу-әрбір тұрғынның міндеті.

Дәмеш Сүлеймен, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.