ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ДАМУДЫҢ ЖӘНЕ ӘДІЛЕТТІЛІКТІҢ КЕПІЛІ

0

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев «Заң мен тәртіп» қағидасын іске асыруды тапсырды.
Бұл ретте, прокуратура органдары аталған бағытта бірқатар жұмыстарды атқаруда.
Сарысу ауданы прокуратурасының үйлестіруімен жергілікті атқарушы орган, құқық қорғау органдары және өзге де уәкілетті органдардың қатысуымен «Заң мен тәртіп» қағидасын ілгерілету мақсатында «Қоғаммен байланыс», «Қауіпсіз балалық шақ», «Профилактикалық есеп» жобалары жүзеге асырылуда.
Осы ретте, аудан прокуратурасымен «Қоғаммен байланыс» жобасы аясында аудан тұрғындарымен, оның ішінде шалғай ауылдарға шығу арқылы кездесулер ұйымдастырылып, әр түрлі әлеуметтік тақырыптар қозғалды.
Аудан кәсіпкерлері өздерінің өзекті мәселелерін жеткізіп, құқықтық кеңестерін алды.
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында аудан әкімдігінің жер қатынастарына прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, қазіргі уақытта шаруа қожалықтарына жер беру бағытындағы конкурс ұйымдастыру мәселесі қаралуда.
Ағымдағы жылы аудан көлемінде жалпы қылмыстылық 3,8%-ға төмендеген, оның ішінде кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар 33,3%-ға және оларға қатысты жасалған қылмыстар 14,3%-ға азайған.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Профилактикалық есеп» жобасының іске асырылуының тиімділігі нәтижесінде бұрын қылмыс жасағандармен жасалған қылмыстар 50,9%-ға азайған.
Өз кезегінде, мұндай оң нәтижелерге қол жеткізу аудан прокуратурасының үйлестіруімен аталған жобалардың сапалы іске асырылуын көрсетеді.
Сондай-ақ, ауданның криминогендік жағдайын ескеріп, «Қауіпсіз Сарысу» жобасы іске асырылып, жобада қайта қылмыс жасауды төмендету бойынша индикатор бекітілген.
«Заң мен тәртіп» қағидасын іске асыру және ілгерілету бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Сарысу ауданының прокуратурасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.