Балалардың құқықтарын қорғау –басты мақсатымыз
Өткен аптаның жұмасы күні «Балалардың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» жөніндегі 2025-2026 жылдарға арналған жол картасына сәйкес Жаңатас көпсалалы колледжі білімгерлерімен және Саудакент ауылындағы Б. Қашқынбаев атындағы орта мектептің оқушыларымен кездесу өтті.
Жиынға аудан әкімі Сәкен Мамытов, аудан прокурорының орынбасары, аудандық полиция бөлімінің бастығы, «Жастар ресурстық орталығы» директорының міндетін атқарушы, ішкі саясат бөлімінің басшысы және колледж білімгерлері қатысты.
Кездесуде сөз алған аудан әкімі С. Мамытов:
-Сіздермен Сарысу ауданы бойынша «Балалардың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» жөніндегі 2025 — 2026 жылдарға арналған жол картасына сәйкес құрылған жұмысшы топ мүшелері кездесіп отыр.
Кездесуіміздің басты мақсаты-балалардың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған шаралар мен құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Бүгінде баланың құқықтарын қорғау мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып отыр. Балалардың қылмысқа бармауы, тәртіп сақтауы және салауатты өмір сүруі әрқайсыңыздың болашағыңыз үшін өте маңызды.
Еліміздің әрбір баласы кішкентай кезінен бастап үлкен азамат болғанға дейін Тәуелсіздікті құрметтеп, елін сүйіп өссе-Қазақстанның болашағы жарқын болады.
Өз бойларыңа тәуелсіздік пен отаншылдықты, бірлік пен достықты, әділдік пен жауапкершілікті, заңға бағынуды, еңбекті, жаңашылдықты қалыптастырсаңыздар- біздің елдің келешегі жарқын, биік болады,-деді.
Басқосуда күн тәртібіндегі «Балалардың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» туралы атқарылған шаралар туралы аудандық полиция бөлімінің бастығы Р. Оразбайұлы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының м.а. Ж. Қыстаубаева баяндама жасады.
Кездесуде аудан басшысы аудандық полиция бөліміне-кәмелетке толмағандар арасында түнгі уақытта ойын-сауық мекемелері мен көшелерде жүруіне жол бермеу және құқық бұзушылық пен қоғамға қарсы іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында рейдтік шараларды жандандыру, балалар мен ата-аналар арасында балалардың қауіпсіздігі мен олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында түсіндіру шараларын күшейту қажет екендігін тапсырса, Жастар ресурстық орталығына-аудан жастарымен жұмысты күшейту, жастардың партиоттық, рухани — ағартушылыққа, білім мен ғылымға деген талпынысын ояту үшін кешенді жоспар толық орындалуын қамтамасыз ету, жастардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында түрлі спорттық, мәдени және басқа да іс-шаралар өткізу бойынша басшылыққа алып, жұмыстарды жандандыру керек екендігін айтты.
Кездесу Б. Қашқынбаев атындағы орта мектептің оқушыларымен жалғасын тапты. Күн тәртібіндегі «Балалардың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» туралы атқарылған шаралар туралы Байқадам ауылдық округінің әкімі М. Өксікбаев және аудандағы балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары туралы аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Әбдіманап Әбдіәшімұлы баяндама жасап, білім ордасы мен сабақтан тыс уақытта заңды құрметтеп, қоғамдық орындарда тәртіпті сақтауға және зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды.
Камели Сүлейменова,
«Sarysý»