«Қыс – 2025» республикалық оқу-жаттығуы

0

Ауданымызда «Қыс – 2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты — қыс мезгілінде орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу және жедел әрекет ету қызметтерінің үйлесімділігін арттыру. Іс-шара барысында олардың қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларға дайындық деңгейі, материалдық- техникалық қамтамасыз етілуі мен әрекет ету алгоритмдері пысықталды.
Оқу-жаттығуға Сарысу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, аудан әкімдігі, коммуналдық қызметтер, полиция және медицина саласының өкілдері жұмылдырылды. Шартты түрде қарлы боран, аяз және электр жарығының сөнуі сияқты төтенше жағдайлар сценарийі бойынша практикалық әрекеттер орындалды.
Іс-шара барысында тұрғындарды жылыту пункттеріне орналастыру, жолдарды қардан тазарту, байланыс жүйесін қалпына келтіру және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша тәжірибелер жүргізілді.
Айта кетейік, «Қыс–2025» оқу-жаттығулары азаматтық қорғау саласындағы басқару органдарының үйлесімділігін арттыруға, күштер мен құралдардың іс-қимылдарының тиімділігін бағалауға, сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша барлық қатысушы қызметтердің қысқы кезеңге дайын екендігі атап өтілді.
Мұндай оқу-жаттығулар халықтың дайындық деңгейін арттыруға және қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларды жою кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Сәулет ЕСҚАРА,
«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.