Жарқын болашаққа деген үлкен сенім

0

2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталары­ның бірлескен отырысында Қазақстан хал­қы­на Жолдауын жариялады. Бұл Мем­лекет басшысының сегізінші Жолдауы болып табылады. Сарысу ауданында Пре­зиденттің кезекті Жолдауын аудан әкімдігінің қызмет­керлері, қоғамдық ұйым­­дардың өкілдері, жергілікті мәсли­хат депутаттары, құқық қорғау орган­дары­­ның өкілдері, сонымен қатар аудан­дық ардагерлер кеңесінің төр­ағасы Серік Аппазов, қалалық ардагерлер ұйымы­ның төрағасы Жұмәлі Орынбаев, аудан­дық ардагерлер кеңесінің мүшесі Тату Әйдіковтер аудандық әкімдіктің мәжі­ліс залында қойылған монитордан көріп, тың­дады. Жолдауда дүниежүзілік дағдар­ыс­тар мен мемлекеттер арасында орын алып отырған шиеленістер жайында айтылды. Еліміздің экономикалық, саяси дамуы және болашағы туралы кеңінен баяндады. Экономиканы цифрландыру, жа­санды интеллект, энергетикалық даму, денсаулық, заң мен тәртіп турасында біраз мәселелерді ашық айтты, шешу жолдарын көрсетті. Қос палаталы парламентті бір палаталы парламентке ауыстыру жөніндегі ұсынысы қатысушылар тарапынан қызу қолдау тапты.
Жолдауда айтылған жайлардың бар­лығы Қазақстан халқының тұрмыс жағ­дайын жақсартуға қызмет етуі керек деп Пре­зидент қадап айтты. Жолдау жарқын бо­лашаққа деген үлкен сенімнің бастауы болды.

Д.Ақділда,
аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.