Түнгі қаладағы балалар: жедел профилактикалық іс-шара
Жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында “Түнгі қаладағы балалар” атты жедел профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында түнгі мезгілде заңды өкілінсіз жүрген кәмелетке толмағандар анықталып, тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ата-аналарға балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ескерту жасалды.
Мұндай шаралар жасөспірімдер арасындағы тәртіп бұзушылықтың алдын алып, олардың қауіпсіз ортасын қалыптастыруға бағытталған.
Іс-шара алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.
Сәулет Есқара,
«Sarysý»