Ауыл кеші-көңілді!
Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы, білімді де білгір жастардың қолында. Жастар алдыңғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеуде. Жастар-қоғам өмірін алға бастаушы прогрессивті күш иесі екенін қай қоғамда да дәлелдеп келеді. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші-жастар, бүгінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барынша үлес қосып келеді.
Түркістан ауылдық округіне қарасты Әшір Бүркітбаев ауылында Жадыраған жазғы кештегі “Сезім симфониясы” атты акустикалық кеш өтті.
Кештің мақсаты-ауыл жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастырып, өнер мен әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру.
Кеш барысында жанды дауыста әндер шырқалып, билер биленіп, үлкендер мен жастар бірігіп, жайдары кештің сәнін келтірді.
Шараға ауыл жастары ғана емес, ауылдың үлкен тұрғындары да атсалысып, шығармашылық кеш өте көңілді, жылы атмосферада өтті.
Сәулет Есқара,
«Sarysý»