«Таңдаулы 100 кітап»

0

Игілік ауылдық округіне қарасты Өндіріс ауылдық кітапханасында “Таңдаулы 100 кітап” жобасы аясында танымдық-мәдени іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты-жастар мен оқушылардың кітап оқуға деген қызығушы­лығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және оқырман мәдениетін дамыту болды.
Шараға ауыл ақсақалдары, мектеп оқушылары, мұғалімдер мен белсенді жастар қатысты. Қатысушылар таңдаулы шығармалар туралы пікір алмасып, өздері оқыған кітаптардан үзінділер оқыды. Ауыл қариялары қазақ әдебиетінің маңызы мен жас буынға беретін тәрбиелік мәні туралы тағылымды әңгімелер айтты. Жас оқырмандар өздеріне ұнаған кітаптар жайында презентациялар жасап, сүйікті кейіпкерлері туралы ой бөлісті.
Іс-шара барысында кітапхана қоры таныстырылып, оқырмандарға арналып арнайы көрме ұйымдастырылды. “Таңдаулы 100 кітап” тізіміндегі туындылар кеңінен насихатталды. Жобаның ауылдық жерде жүзеге асуы-рухани жаң­ғыру­дың нақты көрінісі ретінде бағаланды.

Сәулет Есқара,
«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.