Жазғы оқылым жалғасуда!
Құрметті қала тұрғындары! Жазғы демалысты пайдалы әрі қызықты өткізгіңіз келе ме? Онда кітапхана сіздерді «Жазғы оқылым» жобасына шақырады!
Кітап оқу-тек білім көзі ғана емес, қиял әлеміне саяхат, рухани байлықтың бастауы. Жазғы оқылым арқылы түрлі қызықты ертегілер, шытырман оқиғалы шығармалар мен танымдық кітаптарды бірге оқиық!
Кітапханамызда «Жазғы оқылым» жобасы қарқынды түрде өтілуде. Балалар мен жасөспірімдер сүйікті кітаптарын оқып, түрлі жанрдағы қызықты шығармалармен танысып жатыр.
Оқырмандар тек кітап оқумен ғана шектелмей, әдеби викториналарға, ертегі сағаттарына, шығармашылық тапсырмалар мен ойындарға белсенді қатысуда. Әрбір оқырманның белсенділігі ескеріліп, марапаттар мен сертификаттар қарастырылған.
Сіз де қосылыңыз! Кітапхана есігі барлық оқырман үшін ашық. Жазды кітаппен бірге мәнді де мағыналы өткізейік!
Сізді не күтеді?
• Қызықты кітаптар мен жаңа басылымдар
• Шығармашылық сағаттар
• Әдеби викториналар мен ойындар
• Ертегілер әлеміне саяхат
«Жазғы оқылым» жобасы аптаның әр бейсенбі күні кешкі 20.00-де балалар саябағында өткізіледі.
Ж.Рахимжанова,
кітапхана қызметкері