Кітап-білім бұлағы
«100» кітап жалпыұлттық сауалнамасына арналған Саудакент ауылдық кітапхананың оқу залында «100 кітап» жалпыұлттық сауалнамасына арналған «Сіз үшін озық кітап қандай?» атты оқырманмен сұхбат болып өтті. Кештің мақсаты: 100 кітап жобасын кеңінен таныту, әлеуметтік желі арқылы кітап оқуға ынталандыру, оқырмандар арасында әдеби талғам мен пікір алмасу мәдениетін қалыптастыру. Іс-шараға қатысты Қазақстанда ұлттық әдебиеттің озық туындыларын анықтауға бағытталған жалпыхалықтық сауалнама жалғасып жатыр. Әрбір азамат өзінің таңдаулы 10 кітабын, авторларымен бірге ұсынуға мүмкіндік алады. Олар сауалнама аясында ұсынылған кітаптардың мазмұны, көркемдік ерекшелігі мен бүгінгі ұрпаққа берер тағылымы жайлы ой бөлісті. Өздеріңің оқыған кітаптары жайлы айтып, ой бөліскен зейнеткер Ысқақ Ақбай апа өзінің оқыған кітаптарын осы таңдаулы жүз кітап қатарына қосылатынына сенімі мол екенін айта отырып, жастарды осындай қазақ жазушыларының тамаша кітаптарын оқуға шақырды. Өзі бастап eGov.kz арқылы таңдаған он кітапты анықтап жіберді. Кітапхана оқырманы Қуанышбекова Зауре де 100 кітап жалпыұлттық сауалнамаға қатысып, өзі оқыған кітаптары жайлы айтып өтті. «Сауалнама eGov.kz электронды үкімет порталында және eGov Mobile қосымшасында қолжетімді. Әрбір азамат өзіне ұнайтын он қазақстандық кітапты тізімдеп, сауалнамаға қатыса алады. Бұл-тек жеке талғаммен дауыс беру ғана емес, ұлттың әдеби көзқарасын, рухани сұранысын білдіру деген сөз» деп қортындылаған кітапхана меңгерушісі жастарды кітап оқуға шақырды.
К.Тұрмаханова,
Саудакент ауылдық кітапханасының меңгерушісі