Кітапхана-мемлекеттің, ұлттың негізгі жады

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзінде «Кітапхана-мемлекеттің, ұлттық негізгі жады. Еліміз үшін құнды тарихи деректер мен материалдардың дені кітапханада сақталады. Сондықтан кітапхана ісін дамытуға бей-жай қарауға болмайды. Кітап оқырманға қол жетімді болуы керек. Шын мәнінде, озық ойлы, ұлт болудың ең төте жолы- кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек.

Кітапхана-мемлекеттің, ұлттың негізгі жады. Еліміз үшін құнды тарихи деректер мен материалдардың дені кітапха­нада сақталады. Сондықтан кітапхана ісін дамытуға бей-жай қарауға болмайды. Кітап оқырманға қолжетімді болуы керек»,- деген бастаманы жүзеге асырған болатын.
Осыған орай аудандық орталық кітапхананың ұйымдас­тыруы­мен «Ел болып оқимыз» жобасы аясында «Даңқ» мону­менті алдындағы су бұрқақтың жанында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және қазақ халқының өр рухты қайсар перзенті Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай «Қазақтың қайсар ұлы-Бауыржан Момышұлы» атты поэзия кеші өтті.
Іс-шараның мақсаты Ұлы Отан соғысы жылдарында ел мен жер үшін от кешкен батыр, тірісінде аты аңызға айналған қазақтың жауынгер ұлы, қолбасшы Бауыржан Момышұлының ерлігін жас ұрпаққа насихаттау, қалдырған мұраларын қайта жаңғыртып, өмір жолын өнеге ету.
Іс-шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімі­нің орынбасары Ерлан Дайрабайұлы мен аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Айтбала Жолмаханова іс-шараны ашып беріп, адамның ойын байытып, сауатын жоғарылатып, білім нәрімен сусындатар орта-кітапхана және әдебиет арқылы әлемдегі мемлекеттер бір-бірімен рухани байланыс жасауда екенін айтып өтті. Сонымен қатар, бірақ бүгінгі компьютендірілген, қарқынды дамыған техника заманы өз қызығын ұсынып, өркениетті елдерде кітап оқуға деген ынта-ықыласты арттырудың түрлі амалдары жасалуда. Ал бізде әшірше 100 кітап оқу жақсы бастама шарасы басталғандығын, ең бастысы, одан әсер алу, тағлым түю. Жақсы кітаптың жанға рухани азық болар қасиетін сезіну. Кітаптан болашақта алар азығы көп болатындықтарын тілге тиек етті.
Іс-шара барысында кітапхананың тұрақты оқырманы А.Нұрмахан «Кітап» атты арнауын тарту етті. Кітапхана қыз­меткері А.Қойлыбекова ақын М.Тасқалиевтің сөзіне жазылған, сазгер О.Исмағұлованың «Бауыржан батыр», «Менің Қазағым» әндерін әуелете шырқап, көрермендердің көңілінен шықты. Іс-шараның «Батырдың жалынды жырлары» атты бөлімінде кітапхана қызметкерлері -Т.Тұрғынбекова Б.Момышұлының «Тырнақтап жина әр жерден», Ж.Әбдірахманова ақын Қ.Бек­хожинның «Қол бастаған батыр», Г.Қошаева ақын А.Сейтақтың «Қаһарман», Ә.Тұрсынбай ақын Қ.Бекхожинның «Атыңды мен естідім» өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіріп оқып берді.
«Қазақтың қайсар ұлы-Бауыржан Момышұлы» атты кітап көрмесіне кітапхана қызметкері Ж.Рахымжанова библиогра­фиялық шолу жасады.
Көрмеден Ұлы Отан соғысы, қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы туралы әдебиеттер, анықтамалықтар, дәйекті сөз­дер, порттері орын алды.
Жас домбырашылар мен қобызшылар І.Әзімхан, Д.Бей­сенбай, А.Сатыпалды, А.Амангелді киелі домбыра мен қо­быздың қос ішегінен төгілген Қазанғаптың «Ақжелен» атты құдіретті күйді күмбірлете орындап, құлақтың құрышын қандырып, оқырмандардың жүректерін тебіренте орындады.
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Айтбала Жолмаханова қала тұрғындарын кітап оқуға шақырып, біздің болашағымыз кішкентай бүлдір­шіндерге тәттілер мен оқырмандарға қаламсап пен кітап­тар таратып берді. Іс-шара соңында оқырмандар өз ризашы­лықтарын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.