Сана тазалығы- қала тазалығы

0

Кеншілер шаһары күннен-күнге даму үстінде. Жарты ғасырдан астам тарихы бар қаламыз тотыдай түрленіп, құлпыра түскен. Жаңарған саябақтар мен скверлер, абаттанған аулалар мен көшелер, әрленген әлеуметтік нысандар мен ескерткіштер қала көркіне көрік қосуда. Жыл өткен сайын заман талабына сай инфрақұрылым қалыптасып келеді. Қаламыздың гүл­дене түсуі жергілікті бюджеттен бө­лінген қаражатының дер кезінде тиесілі салаларға бөлініп, діттеген жеріне жетіп отырғанның айқын көрінісі болса керек. Жаңатас қаласы әкімі аппаратының тарапынан қала көшелеріне сәнді үлгіде орындықтар орнатқан болатын. Жыл өтпей жатып қалаға сән беріп тұрған дүниелерді сындырып, жарамсыз қалге түсірді. Әрине бұзақылықты сырттан келіп ешкім жасамайды. Үйдегі ата-ана балаға дұрыс тәлім-тәрбие беріп, санасына сіңдірсе, ақылын айтып отырса, бұндай келеңсіз жағдайлар орын алмас еді. Бүгінгі қаламызды осыдан 10 жылғы келбетімен салыстырғанда көптеген игі өзгерістердің орын алғанын байқаймыз. Орталықтағы әсем ою-өрнектер, түрлі гүлдер, жарық шамдары, сәнді үлгідегі жасалған орындықтар шаһарымызға ерекше сән беріп тұрған дүниелерді көзіміз­дің қарашығындай сақтап, аялау барлы­ғымыздың басты міндетіміз. Десек те, ең өзекті мәселелердің бірі-қала тазалығы.

Тазалық-денсаулық кепілі. Айнала­мыз­дың тазалығы халықтың денсаулығы үшін өте маңызды. Елді-мекендерде та­залық сақтау, ауланы абаттандыру сол жердің билігі мен тұрғындарының міндеті. Қала келбеті тек сәнді де сәулетті үйлермен өлшенбейді. Қаланың таза, әдемі әрі жасыл желекке оранып тұруы әрбір адамның сүйіспеншілігі мен жанашырлығын қажет етеді. Үйінің, тұратын жерінің таза болғанын кез келген адам қалайды. «Әттегенайы» кейбір қала тұрғындары тазалыққа салғырт қарап жататын жайттер де кездесіп жатады. Қала ішіндегі қоқыс тастайтын тиесілі орындарда сиырлардың жүр­генін, жоғарыда айтылған қаланың көрікті жерлерін бүлдіріп, жайқалып тұрған гүлдерді таптап жүрген еге­сіз жылқыларды көргенде іштей қынжы­ласын.

Қазіргі таңда аудан тұрғындарының арасында қоқыс қалдықтарын белгі­ленбеген орындарға тастау жағдайлары азаймай отыр.

Өз денсаулығымыз мықты болсын десек, қоршаған орта тазалығына баса назар аударайық. Суын ішіп, ауасын жұтып, топырағын басып жүрген туған ауданымызды аялап, қадірлеуді әрбір азамат ойланса екен. Сана тазалығы- қала тазалығы. Қаланың таза, әдемі әрі жасыл желекке оранып тұруы әрбір адамның жанашырлығын қажет ететінін ұмытпаған абзал.

Сәулет Рысбекұлы,
«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.