Жазғы кітапхана-оқырман мен кітаптың мерекесі

0

Аспан астындағы оқу алаңының мақсаты-жазғы демалыс кезінде қала қонақтары мен тұрғындарын кітап оқуға тарту, саябақта жүрген демалушыларға ақпарат ұсыну, сонымен қатар кітапханаға тұрақты оқырман ретінде жазылуға мүмкіндік жасау. Осы арқылы енді қалалықтар қалаған әдебиетін таза ауада оқи алады. 

Түрлі тақырыптағы кітаптар, газет-журналдармен көмкерілген жазғы оқу алаңы жастардың ашық аспан астында, табиғат аясында кітап оқып, бос уақытын қызықты әрі пайдалы өткізуіне, көзқарасының дамуына ықпал етеді.

Сарысу аудандық орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қаладағы мәдениет скверіндегі ашық аспан астында «Жазғы кітапхана-оқырман мен кітаптың мерекесі» атты жазғы оқылым кеші өтті.

Алғашқы сөз кезегінде орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Айтбала Жолмаханова жастарды, қаламыздың әр сала бойынша өркендеуіне атсалысуға, елін, жерін сүйіп, құрметтеуге шақырып, биылғы өлкеміздің мерейтой иелеріне тоқталып өтті. Кітапхана қызметкері Г.Қошаева өлке тарихын, өркендеу жолын, тұғырлы тұлғалары мен ақын-жазушыларын жиналған қауымға таныстырып өтті. Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай және Халық қаһарманы Б.Момышұлының 115 жылдығына байланысты кітаптар қойылды. Батырдың, жазушының дәйекті сөздері қойылып, жазғы оқылымның көркін ашты. А.Құнанбаевтың 180 жылдығына байланысты кітапхана қызметкері А.Жанжолова-Абайдың бірнеше қарасөзіне тоқталып өтті. Кеш соңында кітапхана қызметкері Л.Рахымбаева «Әулиета-кітап оқитын өңір» атты кітап көрмесімен таныстырып өтті.

«Sarysý»-ақпарат

Leave A Reply

Your email address will not be published.