Табиғат аясындағы тимбилдинг

0

Жұлдыз лагерінде 23 маусым-Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері, полиция, судья және сот қызметкерлері күніне орай қызметкерлер арасындағы бірлік пен ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Тимбилдинг» сайысы өтті.

Спорттық сайысқа мемлекеттік қызметшілер, полиция бөлімінің және сот қызметкерлерінен құралған командалар жасақталып, қатысты.

Іс-шараның мақсаты-сала мамандарының мәртебесін арттыру, оларға қолдау көрсете отырып, ынтымақтастықты нығайту болып табылады.

Қатысушылар «Көңілді старт» ойынында «Қаппен секіру», «Доппен кедергілер арқылы өту», «Секіргішпен (скакалка) секіру», «Гір тасын көтеру», «Дартс», «Асық ату», «Ләңгі тебу», «Қол күрес» және «Арқан тарту» сайыстары бойынша бақтарын сынады.

Шараға аудан әкімі Сәкен Мамытов қатысып, сала мамандарын мерейлі мерекелерімен құттықтады. Сонымен қатар, аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков, аудан прокуроры Елдос Әмірхан, аудандық сот төрағасының хатшысы Олжас Сейтбаев пен аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Ринат Оразбайұлы сөз сөйледі.

Айтулы күнде ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлестерін қосып жүрген, абыройлы қызмет етіп жүрген бірқатар сала мамандары «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасымен, Алғыс хаттарымен марапатталды.
«Көңілді старт» ойындары бойынша 1-орынды «Арлан» командасы, 2- орынды «Барыс» командасы және 3-орынды «Көкжал» командасы иеленді.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медальдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Соңында табиғат аясында әңгімелесу сағаты өткізіліп, қатысушылар пікір алмасты. Аталмыш іс-шараның жақсы өткізілуіне белсенділік танытқаны үшін әрбір ұжым мүшесіне алғыс айтылды.

Сәулет Есқараев,
«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.