Оқу жаттығу өтті

0

Апта ішінде қаламыздың орталық алаңында «Жер- 2025» атты республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді. Шараның мақсаты-жер сілкінісі кезеңіндегі жағдайларда Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға басқару органдары мен күштерін дайындауға бағытталған.

Тактикалық оқу-жаттығуға аудан әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркенов, мекеме, бөлім басшылары мен қызмет­керлері қатысты.

Шара барысында аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі­нің басшысы Алмаз Мелдеев аудан әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркеновті оқу-жаттығу жұмыстарының барысымен таныстырды.

Аудандық өрт сөндіру, аудандық Төтенше жағдайлар, ау­дандық полиция, аудандық орталық аурухана, аудандық орман шаруашылығы және жануарларды қорғау мекемесі, аудандық санитарлық және эпидемиологиялық бөлімі, аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мамандары табиғи апаттар мен түрлі жағдайлар кезіндегі дайындық барысымен таныстырып өтті.

Жаттығу барысында командалық-штабтық әрекет ету алгоритмі пысықталып, азаматтық қорғаныс құрылымдары­ның дайындығы тексерілді. Ықтимал төтенше жағдайларға жедел әрекет ету бойынша оқу-жаттығу шаралары ат­қарылды.

Мұндай оқу-жаттығулар халықтың қауіпсіздігін қам­та­масыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақса­тында өткізілді.

«Sarysý-ақпарат»

Leave A Reply

Your email address will not be published.