Жемқорлықпен күресу — басты міндет

0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сая­сат шеңберінде нақты нысаналы көр­сеткіштер Қазақстан Республи­касы­ның 2025 жылға дейінгі жалпыұлттық басымдықтарында, Қазақстан Респуб­ли­касының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарында, Қазақстан Респуб­ликасында мемлекеттік басқаруды да­мы­тудың 2030 жылға дейінгі тұ­жы­рым­дамасында, Қазақстан Респуб­ли­касының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырым­да­масында көзделген. «Сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қа­зақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ Заңына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы», Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы», «Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының талаптарын қатаң сақталуын қамтамасыз ету баршаның міндеті деп түсіну керек.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жем­қорлыққа қарсы стратегиясын іске асырылуы басты назарда болып отыр.

2015 жылдан елімізде мемлекеттік басқарудың бүкіл жүйесіне айтарлықтай әсер ететін, жемқорлыққа қарсы іс-қимылды алдын алудың басымдығын көрсететін сыбайлас жемқорлыққа қар­сы күрестің жаңа кезеңі жүруде.
2025 жылға дейінгі сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес туралы жаңа заң және арнайы мемлекеттік бағдарлама жұ­мыс істейді. Сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдар сыбайлас жемқорлыққа қар­сы күрес үдерісіне белсене қатысып, аудан тұрғындары мен жастар арасында білім беру ұйымдармен бірлесіп, жемқор­лыққа қарсы іс-қимылға бағытталған іс-шараларын жүзеге асыруда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи­­мылдың тиімділігі, сондай-ақ, осы мә­се­ле бойынша мемлекеттік қызмет­шілер және студент жастар мен өскелең буын­ның көзқарасы анықталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мылдың 1-ші бағытында сыбайлас жем­қорлыққа қарсы мәдениет қалып­тас­тыру деп белгіленген. Сонымен бі­лім беру жүйесіндегі адалдық пен па­ра­саттылық шаралары білім беру жүйе­сінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қа­лып­тастыруда жас ұрпақтың өн бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіру және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін дамытудың жобасы аясында басты ұс­танымы ретінде қарастырылады.

«Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жем­­қорлық көріністеріне төзбеуші­лікті қалыптастыру» жобасы нысана­лы топтар арасында шараларға ба­­ғыт­­тал­ған таратпа материалдар, пре­зен­тациялар дайындалды. Бү­­гін­гі таңда, «Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы мәдениетті қалыптастыруға ба­ғыт­­­талған іс шара­лар кешенін ұйым­­дастыру» та­қыры­бында лот жария­ланып, нәти­жесінде жеңімпаз атанған «Нығ­мет Нұры» қо­ғамдық бірлестігімен 1 млн. 350 мың теңгеге келісімшарт жа­салды. Жоба ая­сында жастар бойында адалдықты біріккен түрде қалып­тастыру қажеттігі айқындалды.

Бүгінгі күні жоспарға сәйкес ұйым­дастырылған іс-шараларда нысаналы топтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға, адалдыққа ша­қырылды.

Білім беру мекемелерінде (колледж, мектеп) академиялық адалдық және парасаттылық тақырыбы бойын­ша дәрістер мен семинарлар бары­сында “Адал азамат” тұжырым­дамасы басшылыққа алынды, адалдық, парасат­тылық, әділдік, сенім құнды­лықтарын сіңіру және жас буын­ның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы мәдениет қалып­тас­тырылды.

Ұлбике Сәлімова,
аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.