Қаланың тазалығы-өз қолымызда
Аудан әкімінің «Қала аумағы мен ауданның елді мекендерін көріктендіру, санитарлық тазалау және көгалдандыру жөніндегі көктемгі екі айлық жұмыстарды өткізу туралы» өкіміне сәйкес және «Taza likee» акциясы аясында аудан аумағында сенбілік жұмыстары жүргізілуде.
Сенбіліктің басты мақсаты-қала мен елді мекендердің көркіне көрік қосу, тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту болып табылады.
Әр сенбі сайын өткізілетін сенбілік жұмыстары біздің назардан тыс қалған емес. Өткен сенбіде 410 адам қатысқан сенбілікте 2,118 тонна қоқыс жиналып, 4280 м2 аумақ тазаланды. Жаңатас қаласында ұйымдастырылған сенбілікке 36 мекемелер мен кәсіпорын ұжымдары жұмылып, бөлінген көшелер мен аумақтарда жалпы тазалық шараларымен қатар сырлау, әктеу, бояу жұмыстарын жүргізді.
Аудан әкімдігіне қарасты мекемелер әр сенбі сайын тазалауын тазалап жатыр. Дегенмен, «әттегенай» дейтін өкініш өзегімізді өртейді. Қаламыздың таза болғаны, әдемі болғаны өзімізге жақсы емес пе? Осыны кейбір тұрғындар, жастар түсіне алмай келеді. Дәлел ретінде айта кетсек, арықтарда қоқыс тастайтын жерге жетпей жатқан қара, сары пакеттерге салынған, тұрғын үйлерден шыққан қоқыстар, бей-берекет шашылған шемішке қалдықтары мен баклашкалар, балмұздақтың қағаздары. Бұл қисынсыз әрекеттердің бәрі өзгенің емес, өз қолымызбен жасалып жатыр. Шындығына келгенде, тазалық әр адамның өзі үшін және отбасы үшін керек екені белгілі. Аула таза болса, қала таза болады. Оны бәрі біледі және мойындайды. Дейтұрғанмен, сөзі мен ісі қабыспайтын тұрғындардың бұл ісі қазіргі таңда қала келбетін қашырып-ақ тұр.
Барлығымыз ауданымызды, қаламызды көркейтуге ұйымдастырылған сенбілікке өз үлесімізді қосып келеміз.
Қаланы таза ұстайық, көркіне көрік қосайық.
Камели Сүлейменова,
«Sarysý»