ТАҒАЙЫНДАУ

0

Сарысу ауданы әкімінің 2025 жылғы 31 қаңтардағы  № 10 -ж/қ өкіміне сәйкес, Нұрлан Оңғарбекұлы Молдабеков Сарысу ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Нұрлан Молдабеков 1977 жылы  Сарысу ауданы, Маятас ауылында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі- жоғары.

1998 жылы Жамбыл кәсіпкерлік жоғарғы оқу мектебін экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы аудандық статистика бөлімінің интервьюері болып бастаған.

2003-2008 жылдары аудандық статистика бөлімінің маманы,

2008-2012 жылдары Жайылма ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы,

2012-2014 жылдары Сарысу ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімшесінің бас маманы,

2014-2017 жылдары Сарысу ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің бас инспекторы,  2017-2022 жылдары Досбол ауылдық округінің әкімі, 2022-2024 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

Отбасылы, 5 бала тәрбиелеуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.