БІРҚАТАР тапсырмалар берді

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті.

Президентіміз жыл басында берген дәстүрлі сұхбатында болашақ бағдарын айқындап, министрлер кабинетінің басын қосып, жиын өткізетінін хабарлаған еді. Уәделі жиында Президент ел дамуының былтырғы қорытындыларын саралап, алдағы мақсат-міндеттердің басты бағыттарын айқындап берді.

Мемлекет басшысы алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін тұтас мемлекеттік аппарат тиімді жұмыс істеуі керек деп атап өтті. Дәл осы тұста Президент Үкіметке «Әкімдер мектебі» оқыту жобасын іске қосуды тапсырып, осындай жұмысты жүргізіп жатқан «АMANAT» партиясының тәжірибесін ескерген жөн екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы бұған дейін  «Ауыл аманаты» жобасын ұлттық деңгейде қолға алу жөнінде тапсырма берген болатын. Бұл тапсырма жүйелі жүзеге асты. Төмен пайызбен берілетін несие арқылы ауыл тұрғындарының жеке кәсібін бас-тауына жағдай жасалды. Ал, бүгін осы бағыттағы «Ауыл аманаты», «Ауыл – ел бесігі» және тағы басқа бағдарламаларды бір бағдарламаға біріктіру туралы тапсырма берді.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, ертеңіміз баянды болсын!

Ж.Жұмаділдаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Маңызды мәселелерге тоқталды

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырыс өтті. Отырысқа Премьер – Министр Олжас Бектенов, Үкімет мүшелері, Ұлттық банк төрағасы, облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың жетекшілері қатысты.

Жиын барысында еліміздің 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер талқыланды. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкімет жұмысы-ның басты бағыттарын айқындап берді.

Атап айтқанда, ірі инфрақұрылым жобалары, цифрландыру және жасанды интеллект, ядролық энергетиканы дамыту, агроөнеркәсіп кешенін нығайту және инвестиция тарту мәселелері. Президент мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмектің нақты иесіне жетуіне баса назар аударды. Бұл орайда, елімізде тұрғын үй қорын басқару жүйесін жаппай реформалау жүргізілмек. Яғни, қала құрылысын жоспарлаудан бастап, нысандарды пайдалануға беруге дейінгі барлық үдерісті цифрлық форматқа толық көшіру қолға алынбақ.

Алқалы жиында  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қай салада болмасын нақты нәтиже керек екенін баса айтты. Алда атқарылар жұмыс көп, ол бойынша тиісті іс-әрекет жасалатыны да заңды. Қазақстан болашақ сын-тегеуріндерге дайындалып, бейімделуі тиіс.  Әлем «жасыл энергетиканы» дамыту тәсілдерін қайта қарауға алып келетін үлкен өзгерістер мен климаттық жағдаяттар алдында тұр.  Сосын жасанды интеллект, цифрлық активтер, атом энергетикасы, ресурстарды үнемдеу, электрондық сауданы дамытуға тоқталды.

Н.Сегізбай,

 Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің  журналистика кафедрасының 2-курс студенті

Leave A Reply

Your email address will not be published.