ТАҒАЙЫНДАУ

0

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының еңбек мобильдік орталығының 2025 жылдың 20 қаңтардағы №24-ж/қ бұйрығына сәйкес Сарысу ауданы бойынша мансаптық орталық филиалының директоры болып Омар Данияр Ержанұлы тағайындалды.

Омар Данияр Ержанұлы — 1992 жылы 25 шілдеде Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында дүниеге келген.

1999-2009 жылдар аралығында Мұхтар Әуезов атындағы мектепте оқыды.

2009-2013 жылдары Жаңатас көпсалалы колледжін және 2014-2016 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Программист» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2017 жылы Халықты жұмыспен қамту орталығында маман болып бастаған.

2020-2022 жылдар аралығында Атаулы әлеуметтік көмек бөлімшесінің сектор меңгерушісі;

2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін Халықты жұмыспен қамту орталығының бөлімше басшысы қызметін атқарған.

Отбасылы, 3 қыз тәрбиелеп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.