Аптаның бейсенбісі күні «Amanat» партиясы аудандық филиалында аудан әкімі Сәкен Мамытов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауда азаматтар жер телімдерін алу, тұрғын үй, әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша жүгінді. Қабылдау барысында аудан басшысы азаматтардың барлық өтініштер мен ұсыныстарын мұқият тыңдап шығып, заңнама аясында түсінік беріп, жекелеген сауалдар бойынша тиісті мекеме басшылары нақты тапсырмалар берді.