ТАҒАЙЫНДАУ

0

Сарысу ауданы әкімінің 2024 жылғы 24 маусымдағы №52-ж/қ өкімімен Ермағанбетов Ерлан Дайрабайұлы Сарысу ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Ермағанбетов Ерлан Дайрабайұлы 1982 жылы 1 маусымда дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі-жоғары. 2005  жылы Қ.А.Ясауи   атындағы Халықаралық қазақ-түрік уни-верситетін  «Қазақ тілі мен әдебиеті», 2011 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген. Әскери шені: Кіші сержант.

Еңбек жолын 2006 жылы «Acord-консалтинг» ЖШС-нің техник- инвертаризаторы болып бастаған.

2008 жылы Жамбыл  гуманитарлық- техникалық университетінің жұмыскері, 2008 — 2011 жылдары Тараз қаласындағы М.Мәметова атындағы №27 орта мектебінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі, 2012 — 2014 жылдары үш тілді оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектебінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі, 2014 жылдың наурыз-шілде айларында Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ономастика және терминология, көрнекі ақпараттармен жұмыс бөлімінің бас маманы,   2014 — 2019 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ономастикалық жұмыс бөлімінің бас маманы,     2019 — 2021 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппараты әлеуметтік-саяси мониторинг бөлімінің бас маманы, облыс әкімінің бас инспекторы,  2021 — 2022 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының салалық даму бөлімінің бас инс-пекторы,   2022 жылдың шілде айынан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімі аппараты әлеуметтік-саяси мониторинг бөлімінің бас инспекторы қызметтерін атқарған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.