ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ ТЫҢДАЛДЫ
Өткен аптада аудан әкімі Сәкен
Мамытов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауда тұрғын үй, жұмысқа орналасу, жер және өзге де жеке мәселелер бойынша тұрғындар қабылдауда болды. Қабылдау барысында азаматтардың өтініштерін тыңдаған Сәкен Үмбетұлы барлық мәселелер тиісті заңнамалар аясында қарастырылатынын айтып, заңға сәйкес шешілу жолдарын түсіндірді. Кейбір мәселелер жан-жақты зерделеніп, жұмыс жүргізу үшін бақылауға алынды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі