Тазалық жұмыстарын жүргізді
болашаққа сенім беретін сенбілік жұмыстары қаламызды ғана жаңартпай, көңілімізге де қуаныш сыйлайды.
Мәні терең тазалық жұмыстарына жұмылған жұдырықтай болу басты күшіміз екендігін ұмытпаған жөн. Бірлікпен басталған істе ғана береке болмақ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске асып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Осы орайда, өткен аптаның соңғы күнінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында аудандық «Сарысу» газетінің ұжымы мен Жастар ресурстық орталығының жастары Жаңатас қаласындағы «Ұрпақтар аллеясында» сенбілік жұмыстарын өткізді. Жастар — болашақтың жаршысы дегендей, тазалыққа білек сыбана кірісіп, белсенділігін арттыруда.
Сенбілік жұмыстары барысында аллея күл-қоқыстан тазартылып, шөптер орылды. Тазалық жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Самат Тоқбанов,
«Sarysý»