ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Жақында аудан әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында аудан әкімі С.Мамытовтың төрағалығымен 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы және алдағы жылыту маусымына дайындық барысын талқылау туралы аудандық штаб отырысы өтті.
Жиынға штаб мүшелері, мекеме және бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібінде 5 мәселе қаралды.
Атап айтсақ, «Қалалық қазандықтың 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы және алдағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы», «Жаңатас -Су-Жылу» КММ-нің директоры А.Абилов, екінші мәселе бойынша «Жаңатас қаласының 2024-2025 жылдарға жылыту маусымының дайындық барысы туралы» Жаңатас қаласының әкімі И.Домалақов, үшінші мәселе бойынша «Аудандық орталық аурухана мекемесіне қарасты нысандардың 2024-2025 жылдарға жылыту маусымына дайындық барысы туралы» аудандық орталық аурухананың бас дәрігері А.Каликова, төртінші мәселе бойынша «Аудан әкімдігінің мәдениет бөліміне қарасты нысандардың алдағы жылыту маусымына дайындығы» туралы аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С.Жақсыпейілова және соңғы мәселе бойынша «Спорт нысандардың алдағы жылыту маусымына дайындығы туралы» аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Бердібаев баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша жиынға қатысушылар сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Аудан әкімі С.Мамытов келер жылғы жылыту маусымына дайындық жұмыстарының жоспары бойынша бірқатар сала басшыларына тапсырмалар берді.