Көпбалалы аналар марапатталды
Аудан әкімі Сәкен Мамытов Қазақстан Рспубликасы Президентінің 2024 жылғы 25 наурыздағы №497 Жарлығына сәйкес алтын құрсақты аналарға алтын алқаны салтанатты түрде табыс етті.
Жиында аудан әкімі С.Мамытов құттықтау сөз сөйледі:
— Ана-тіршіліктің алтын арқауы. Асыл ананың қадірі туралы ұлағатты сөздер жеткілікті. «Бала бақыты-ананың алақанында»-деген халық даналығының астарында теңіздей терең мағына жатқаны баршамызға белгілі. Сіздер тек балаларыңыздың алдында ғана емес, мемлекет алдында ардақтысыздар. Елдің демографиялық өсуіне үлкен үлес қосып, абыройды асырдыңыздар, – деді.
Шара барысында ақ жарма тілектер айтылып, көпбалалы аналар мемлекет тарапынан ана мен балаға жасалып отырған қамқорлыққа алғысын айтты.
Сәулет есқараев, «Sarysý»