СЕССИЯ ӨТТІ

0

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 20-шы  сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Қ.Серимов, қала мен ауылдық округ әкімдері, әкімдік бөлімдер мен кәсіпорын басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Бапашұлының төрағалық етуімен өткен аудандық мәслихаттың кезектен тыс 20-ы сессиясының күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бірлескен тұрақты комиссия-лар отырысында тыңдалып, жан-жақты талқыланып, депутаттар тарапынан мақұлданды және сессияда тиісті шешімдер қабылданды. Депутаттар тарапынан біршама ұсыныстар айтылып, алдағы уақытта ескеріліп, орындалатыны туралы ауызша  қанағаттанарлық жауаптар алынды.

Атап айтқанда: «2024-2026 жылдарға арналған Сарысу ауданының қала және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №17-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Сарысу ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы.

Аудандық мәслихат

аппараты

Leave A Reply

Your email address will not be published.