ТҰЖЫРЫМДАМА ІСКЕ АСАДЫ

0

Президент сұхбатында халық пен биліктің арасын-дағы диалогтың дұрыс қалып-тасуы керектігін айтқан  болатын.

Расында бүгінде билік пен бұқара елдің байланысы түсініспеушіліктің кесірінен кері әсер туғызады. Бұл туралы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев:- Елімізде биліктің іс-әрекетіне жария түрде келіспеушілік білдіруге толық мүмкіндік бар. Азаматтар өзін толғандыратын мәселе туралы ашық айта алады. Мен мемлекеттік органдардан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, қоғамның пікірімен санасуды талап етіп келемін. Елімізде бейбіт жиналыстарды реттейтін демократиялық сипаттағы заң бар. Жақында петиция­ларды тапсыру және қарау тәртібін реттейтін заң қабылданды. Сондықтан бір нәрсені анық білуге тиіспіз. Бейбіт шеруге тыйым салынбайды, ал жаппай тәртіпсіздіктің кез келген түріне қатаң тосқауыл қойылады. Елімізде заң мен тәртіп қана үстемдік құруға тиіс. Бұл – мен үшін мызғымас қағида, — деп өз пікірін білдірді. Елмен жақын болуды мақсат еткен Мемлекет басшысының бұл сұхбатының ел үшін берері мол деп ойлаймын. Ендеше, бірлігі бүтін, тірлігі тиянақты ел болуы үшін тұрақтылық ауадай қажет.

Е.Имашев,  аудан әкімдігі қаржы бөлімінің  басшысы

Ел дамуына серпін береді

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының  «Egemen Qazaqstan» берген сұхбатын оқып шықтым. Мемлекет басшысы барлық саладағы жаңалықтар мен өткен оқиғаларға түсінік беріп, жақсы қорытынды  жасаған. 

Президент соның ішінде Үкімет жұмысының тиімділігіне ерекше тоқталып өтті.

-Кез келген елдің Үкіметі стратегиялық міндеттері мен күнделікті жұмысын қоса атқарады. Бізде де солай. Ең бастысы, тиімді жос-парлау және ресурстарды орынды пайдалану керек. Үкіметтің қазіргі құрамы былтыр көктемде ғана жасақталды. Конституциялық реформа жасалып, Парламент сайлауы өткен соң алдыңғы Парламенттің де, Үкіметтің де мандаты күшін жойды. Конституцияға сәйкес бұрынғы Үкімет жаңадан сайланған Мәжіліс депутаттарының алдында өз өкілеттігін тоқтатты. Сайлауда ең көп дауыс алған «Amanat» партиясы Премьер-Министрдің кандидатурасын ұсынды. «Amanat» партиясының сайлау алдындағы тұғырнамасының экономикаға қатысты бөлігі қазіргі Үкіметтің бағдарламасы негізінде жасалды- деді. Расында, Үкіметтің өкілеттігі айтарлықтай кеңейді.

Мемлекет басшысының бұл сұхбаты ел дамуына айрықша серпін береді.

Д. Борсықов,

Жамбыл облысы «Еңбек мобильдігі орталығы»  КММ Сарысу аудандық «Мансап орталығы» филиалының директоры

кїн тәртібіндегі маѕызды сўраќтарєа жауап берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» атты сұхбатын оқып шықтым. Сұхбатта  мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының маңызды аспектілері талданады.

2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға объективті баға берілді. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың, мемлекеттік органдардың жұмыс істеуінің, кадр саясатын іске асырудың өзекті мәселелері қаралды. Қазіргі қоғамдағы жастардың рөліне баса назар аударылды.

Бұл мақала біздің еліміздің тарихында соңғы бірнеше жыл ішінде болған тарихи, сая-си оқиғаларға аналитикалық шолу жасалған. Сонымен қатар, оны шағын хронологиялық кезеңдегі ел басшылығының қызметі туралы есеп ретінде қабылдауға болады. Қасым-Жомарт Тоқаев сұхбатта айтқандай,  2023 жыл еліміз үшін маңызды оқиғаларға толы болды. Негізгі саяси реформалар аяқталып, Конституциялық сот жұмысын бастады, Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтті. Алғаш рет аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау өтті. Біз әділ және бәсекеге қабілетті экономикалық жүйені құруға кірістік. Ел бойынша мектептердің, оның ішінде «жайлы мектептердің» құрылысы басталды, ауылдарда медициналық нысандар салынуда. Әлеуметтік кодекс енгізілді, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарға арнайы төлем бекітілді. Ұлттық қордан балаларға аударымдарды реттейтін заң қабылданды. Ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесі қабылданды. Бұл мақаланың ерекшелігі-сіз бен біздің замандастарымыз, осы оқиғалардың куәгерлері. Бұл процестер біздің көз алдымызда болды және болып жатыр. Мақалада қазіргі заманның күн тәртібінде тұрған қоғамның көптеген сұрақтарына жауап берілген. Е.Ұзақбеков,  аудан әкімдігі жер қатынастар бөлімінің басшысы

Мақсатымыз айқын

«Egemen Qazaqstan» республикалық газетінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты жарияланған болатын. Сұхбат өте ауқымды және бәрін қамтыған. Мемлекет басшысы бір жыл ішінде жинақталған қоғамның барлық өзекті сұрағына жауап берді.

Біз Президенттің 2023 жылдың қалай өткені, қандай жетістіктер болғаны, не істелгені және т.б ойын білдік. Жалпы, өткен жыл Қазақстан үшін басқа елдермен жемісті ынтымақтастық жылы болды. Мемлекет басшысы көптеген елді аралап, жақсы келісімдер жасады.

Әрбір одақ Қазақстан үшін экономикалық әл-ауқатқа әкеледі, бұл бүгінгі таңда бізге өте қажет. Қазіргі уақытта әлемде экономикалық, геосаяси өзгерістер болып жатқанын ескерсек, Қазақстан барлығымен нақты позиция жасауда. Мемлекет басшысының сұхбатында қоғамды толғандыратын мәселелер қарастырылған.

Президент ішкі және сыртқы саясатқа қатысты көптеген тақырыпты қозғады. Президент тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне тоқталды. Мен бұл сұхбатты барлығына оқуға кеңес беремін. Әркім өзінің көптеген сұрағына жауап табады деп сенемін. Адамдарды, соның ішінде жастарды қызықтыратын көптеген сұраққа жауап берілді.

Мен әсіресе, жастарға әсер еткен оң өзгерістерді атап өткім келеді. Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша Мәжіліс пен мәслихат сайлауында жастар, әйелдер және мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы квота қолданылады.

Сонымен қатар министрлердің, вице-министрлердің және ведомство басшыларының лауазымына жастар кадрлық резервінен шыққан адамдар тағайындалады.

Менің ойымша, еліміздің қазіргі саясаты, Президентіміз таңдаған жол жастарға үлкен мүмкіндік ашады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.