ЖЫЛЫ ШЫРАЙМЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Қоян жылын артқа қалдырып, ұлы істерге ұмтылатын Ұлу жылы есік ашып, табалдырық аттады. Армандар орындалып, мақсаттар айқындалатын береке тұнған сәтте елдің мерейі асқақтап, еңсесі көтерілетіні анық. Бұл мейрамның жөні бөлек. Келер жылға үмітпен қарап, өткен жылдың жақсы сәттерін естелікке қалдырып, жарқын болашаққа жол бастайтын Жаңа жыл мерекесі — мейірім мерекесі саналады. Бұл күнде адамдар бір-біріне ізгі тілегін жолдап, жанына демеу болар лебіздерін білдіреді. Сипаты мен сәні жарасқан жаңа күннің мағынасы осындай. Осы орайда, жылдың соңғы күнінде Орталық алаңда Жаңа жыл мерекесі тойланды. Алаңға жиналған халықтың жүзінен шаттықтың лебі есіп тұрды. Әуенмен әрленіп, түрлі силуэттермен көмкерілген қаланың орталығында бәрі бір-бірімен үйлесім тапқандай жарасады.
Жаңа жылдың басты символы шырша жылдағыдан өзгешелеу болып жарық шашуда. Айшықты мерекеге орай, «Төрлет, жаңа жыл — бақытты менің еліме!»атты мерекелік шара өткізілді. Кеште құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі С.Мамытов өткен жылдың мерекеге толы жыл болғанын айтып, келер жылда күтетін үміттің мол екендігін жеткізді. Сонымен қатар, жыл қорытындысы бойынша үздіктерді марапаттады. Атап айтсақ, «Жылдың белсенді ардагері» еңбек ардагері Шадиев Жамбыл, «Үздік сот қызметкері » аудандық сот отырысының хатшысы Сейтбаев Олжас, «Үздік прокуратура қызметкері» Қожабеков Дамир, «Ерлігімен танылған ТЖ саласының қызметкері» №16 Өрт сөндіру бөлімінің Өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі, азаматтық қорғау старшинасы Майкулаков Ғалымжан, «Құқық қорғау органының үздігі» аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Амангелдиев Жандос, «Қорғаныс саласының үздігі» ҚР Қарулы күштер ардагері Есмаханов Серікбек, «Ақ халатты абзал жан» аудандық орталық ауруханасы статистика бөлімінің дәрігер-статисті Бейсенова Бақыт, «Парасатты мемлекеттік қызметші» Жаңаарық ауылдық округінің әкімі Алдабергенов Қуандық, «Ұлағатты ұстаз» Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының география пәнінің мұғалімі Карлисон Анна, «Мемлекеттік кірістер саласының үздігі» аудандық салықтық әкімшілендіру және өндіріп алу бөлімінің бас маманы Тоқтарбеков Орманбек, «Санитарлық және эпидемияға қарсы саласының үздігі»аудандық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Ермек Айдана, «Мәдениет саласының үздігі» аудандық кітапхана ісін дамыту бөлімінің меңгерушісі Аубакирова Бақыткүл, «Үздік спортшы» Бокстан ҚР жастар арасындағы чемпионатының күміс жүлдегері Ермекбаев Ғалымжан, «Ең жомарт кәсіпкер» жеке кәсіпкер Әшімова Раушан, «Белсенді шаруа қожалық» Саудакент ауылы «Ажар – 2» шаруа қожалығының жетекшісі Нұргелді Кенжеғалиұлы, «Көше тазалығының белсендісі» қала әкімі аппаратының қоғамдық жұмысшысы Шнайдер Людмила, «Үздік журналист» аудандық «SARYSÝ» газетінің аға тілшісі Есқараев Сәулет, «Жылдың үздік энергетигі» аудандық электр жүйесі мекемесінің электр-монтері Оралымбеков Жаңабек, «Пошта саласының үздігі» аудандық пошта торабының операторы Сұлтанмұратқызы Гүлнұр, «Коммуналдық автокөліктердің үздік жүргізушісі» коммуналдық автокөліктер цехының бастығы Елеубеков Сәулет, «Үздік кенші» «Қаратау» ТКӨК ЖШС-нің «Көк-су» кеніші жару учаскесінің бастығы Садибеков Ержан, «Үздік кәсіпорын қызметкері» «ЕвроХим-Тыңайтқыш» ЖШС-нің тау-кен бөлімінің бастығы Абдиров Дәулет, «Үздік кәсіпорын қызметкері» «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС-нің тиеу машинасының машинисті Тұрлыбеков Сержан, «Су-Жылу» мекемесінің үздігі «Жаңатас- Су-Жылу» КММ-нің шайынды және су құбыр жүйесі бөлімінің бастығы Үсенов Нұржан, «Ветеринария саласының үздігі» аудандық ветеринариялық станциясы КМК-ның директоры Оспанов Ақылбек, «Үздік орманшы» орманды молайту және молықтыру инженері Ізтөлеуов Құдайберген, «Үздік волонтер» белсенді жас Андрекбаев Нұрсұлтан, «Үздік құрылысшы» Қалдыбаев Бағлан, «Үздік тұрғын үй жетекшісі» Артюхова Галина, «Үздік кәсіпкерлік нысан-2023» қаламыздағы «Жібек Жолы» мейрамханасының иесі Төлепбекова Гүлмира, «Таза қала» акциясы аясында сенбіліктерге белсене атсалысқан ұжым «Жаңатас Су-Жылу» кәсіпорны Абилов Әбутәліп, «Белсенді қала тұрғыны» Айтбаев Өмірзақ, «Белсенді қоғамдық ұйым» «Аманат қоғамдық қоры» Жанкужаев Самат, «Үздік көпқабатты коммуналдық тұрғын үй» Топжарғанова Сандуғаш, «Үздік көпқабатты тұрғын үй кіреберісі» Бисенова Фатима, «Үздік жеке көпқабатты тұрғын үй» Әбдіқадірова Гүлзат, «Үздік көше» Зотова Лидия марапатталды. Марапат иелеріне аудан әкімінің Алғыс хаты мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Мұнан соң аудандық мәдениет үйінің әншілері әуелете ән салса, «Айжан қыз» би ұжымының бишілері мың бұрала билеп, кештің көркін аша түсті. Ортаға Аяз ата мен Ақшақар шығып, ізгі тілектерін жау-дырды. Сахнада театрландырылған көріністер қойылып, жұртшылыққа тамаша көңіл-күй ұсынды. Кештің соңы ғаламат отшашуға ұласып, тұрғындар есте қалатындай керемет көңіл күймен тарасты.
Аула клубтағы мерекелік кеш
«Жаңатас қалалық аула клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жаңа жыл мерекесіне орай «Қош келдің, жаңа жыл- 2024» тақырыбында «Балауса» клубында салтанатты жиын болып өтті.
Жиынға аула клубына қарасты шағынаудандарда орналасқан топтардан азанғы ауысымының балалары қатысты. Іс шарада топ тәрбиеленушілері «Аяз ата» биін билеп, салтанатты жиынды ашып берді. Сондай-ақ Абай Нұрсезім «Шырша жыры», Керімбек Айерке «Аққала», Раяна «Жаңа жыл» әндерін шырқады. Ойындар ұйымдастырылып, әр топ тәрбиеленушілері жаңа жылдық тақпақтарын айтып, Аяз атаның арнайы сыйлығына ие болды. Мерейтойда үйірме жетекшілері кейіпкерлердің рөлін сомдап, салтанатты кешті өте қызықты ұйымдастырды.