Жастық шақтың албырт шағы — студенттік кез ғой. Алдыңа даңғыл жол салып, ұлы мақсаттарға жетуде алғашқы баспалдаққа қадам жасап, мамандық бойынша білім алуда терең ілімді бойыңа сіңіресің. Осы орайда, Жаңатас көпсалалы колледжі білімгерлер үшін айқара есік ашып, білімі мен кәсібилігін шыңдауда қалтқысыз қызмет атқарып жатыр.
17 қараша — Халықаралық студенттер күніне орай, Жаңатас көпсалалы колледжінде «Қош келдің, 1-курс студенті!» атты мерекелік кеш өткізілді. Кешке аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» директоры А.Пазылбеков, Сарысу аудандық «Адалдық алаңының» жетекшісі Ш. Бейсенбайұлы, «Жастар ресурстық орталығының» мамандары, Жаңатас көпсалалы колледжі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Қоданов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Қойлыбекова, күндізгі оқу бөлімінің меңгерушісі З.Ажибекова, топ жетекшілер, колледж оқытушылары мен колледж жастары қатысты. Кешті колледж директоры Н.Түйтебаева ашып беріп, студенттер қауымын мерекелерімен құттықтап, белсенді, оқуда озат жастарға Алғыс хаттар мен студенттік билеттерін тапсырды. Студенттік Парламент «Өзін — өзі басқару» ұйымының мүшелері өз өнерлерін көрсетті.
С.Қуандықұлы,»Sarysý»