ҚАРЖЫ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

0

1993 жылы қараша айының 15 күні ұлттық валюта — Теңге қаржы нарығында айналымға енді. Бұл күн төл теңгеміздің туған күні, әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі біздің негізгі жетістіктеріміздің бірі  ұлттық валюта-теңгенің пайда болуы.

Қазір біздің валюта теңгемізді көптеген мемлекеттер біледі. Біздің теңгеміз өзінің дизайны жөнінен дүниежүзіндегі мықты валюталардың бірі болып есептеледі.

Қаржыгерлердің ең негізгі міндеттерінің бірі — мемлекеттің ақшасын дер кезінде жинап, тиімді пайдаланып, мемлекеттің экономикасының дамуына жұмыс жасау. Ауданымызда бүгінде осы салада еңбек етіп жүрген  қаржыгерлер ауданымыздың дамуына өз үлестерін қосуда. Тәуелсіздіктің ең алғашқы жылдарында ұлттық валютаның айналымға түсуі аса маңызды оқиға болды.

Осы айтулы мерекеге орай,  аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі  Сәкен Мамытов қаржы саласының қызметкерлерін қабылдап, сала мамандарын төл мерекелерімен құттықтады.

— Бүгінгі таңда теңге өзінің мәртебесін сақтап, Қазақстанның қуаттылығын нығайтуға үлесін қосуда. Қаржы саласы қызметкерелерінің кәсіби біліктілігінің арқасында мемлекеттің стратегиялық маңызды жобалары жүзеге асырылып, сала мамандары ел дамуына өзіндік үлестерін қосуда.    Осынау қолдаудың арқасында бүгінгі аудан бюджеті 16 млрд . 380,7 млн. теңгені құрап отыр. Қаржыларды тиімді пайдалануда Қазынашылық басқармасы, «Халық банк» филиалы жұмыс атқаруда.  Бүгінде, Қазақстанның дамыған мемлекеттер қатарынан орын алуы — Ұлттық валютаның тұрақтылығының арқасында , — деп, аудан басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, өз саласында елеулі еңбек етіп, жоғары жетістікке жетіп жүрген сала мамандарын   «Сарысу ауданына сіңірген еңбегі үшін» мерекелік  медалімен , аудан әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапаттады.

С.Есқараев, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.