ИГІЛІКТІ ІС

0

Асар–ауызбіршілікті нығайтып, халықтың басын қосатын, аталарымыздан келе жатқан игілікті іс. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, қолда барын бір-бірімен бөлісіп, біріне-бірі қамқор, тілеулес болған ұлттың ұлылығы да осында.

Ауданымызда оның ішінде ауылдарда «Асарлатып үй салу» жобасы 2020 жылдан бері қызу қолға алынып, көптеген мұқтаж отбасылар бас-паналы болуда. Қоныс тойын тойлап,  қолдау көрсетіп жатқан аудан басшыларына, ауылдық округ әкімшілігіне,  атымтай жомарт азаматтарға өз ризашылықтарын білдіруде. Бүгінде ұлттың болмысындағы осы бір ерекше қасиет облысымызда жаңғырып, жалғасын тауып, туған-туыстар мен ауылдастар жиылып мұқтаж жандарға көмек қолын созуда. Оған жергілікті билік те атсалысуда. Жайылма ауылдық округінде жоба жыл сайын өз жалғасын табуда.   Биыл аз қамтылған жас отбасы Руслан Елшібаевқа әкімшілік тарапынан қолдау көрсетіп, үй салу қолға алынуда.

Жас отбасы Р.Елшібаев  үй салуға қолдау көрсетіп жатқан  ауылдық округ әкімі аппаратына, атымтай жомарт азаматтарға өз алғысын жеткізді.

Ауылдық округ әкімі Ж.Смағұлов: —   Сан ұрпақты абыз ақсақал тәрбиелеп, бірлік пен татулыққа біріктірген, игілікті шараға жұмылдырған.

Осындай игі шараның бірі еліміз бойынша жүзеге асып келе жатқан «Асарлатып үй салу» жобасы. Біз сонау ашаршылық және соғыстан кейінгі қиын жылдары да бір-бірімізге қолғабыс білдіріп, бірлігімізден айырылмаған елміз. Өзге ұлт өкілдерін де бауырымызға басып, мейірімділік танытқанбыз. «Асарлатып үй салу» жобасының мақсаты тек мұқтаж жандарға үй салып беру ғана емес, өзара бірлігіміз бен ынтымағымызды, қоғамдағы өзара келісімді, қамқорлықты арттыруға негізделген,-деді.

Осы азаматтың тұрақты баспанамен қамтылуына және құрылыс жұмыстарының сапалы  аяқталуына, қажеттіліктеріне қолдан келгенше жәрдем беруде.Талай отбасыға қуаныш сыйлаған «Асар» дәстүрі ұрпақ сабақтастығы болып қала бермек.

Лизингке трактор алды

Ауданымызда ауыл шаруашылығы дамып,  шаруалар мемлекет тарапынан қолдаулар көріп, шаруақожалық техникаларын жаңартуда.

Соның бір дәлелі Тоғызкент ауылдық округіне қарасты «Мержан» шаруа қожалығының төрағасы  Майров Жансерік лизинг негізінде «Т-892» тракторын сатып алды.

Төраға өз сөзінде:

-Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауларында ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламаларын қолға алып келеді. Егін және мал шаруашылығын қарқынды дамыту мақсатында осы техниканы алдым. Ауыл-қазақтың тал бесігі. Ауыл-қазақтың отаны. Ауыл-тағылымды тәлім-тәрбиенің ордасы. Қазақы қасиеттер ауылдан бастау алады. Міне, сондықтан да ауыл қамқорлықтан, жанашырлықтан қағажу қалмау керек. Қолдан келсе ауылды көркейтіп, гүлдендірейік,-деді.

Иә, ауыл мен қаланың көркеюі, жасыл желекке орануы-жарқын болашақтың кепілі. Ауылға көңіл бөлу — әрбір елді мекендегі тұрғындардың абыройлы міндеті. Сондықтан алтын бесік-ауылды көркейту баршамыздың басты парызымыз болмақ.

С.Есқараев, 

«Sarysý»

ТАБИЄАТ-АНА, АЯЛА ОНЫ АЯЛА…

Сарысу ормандары және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аумағы 5032 мың гектарды құрайды.

Мекемеге қарасты Байқадам, Түгіскен және Жайлаукөл үш орманшылығында жалпы 3 орманшылық басшысы, 3 орман шебері және 20 орман қорықшысы жұмыс істейді.

Біздің негізгі міндетімізге: орманды алқаптың көлемін ұлғайту, жасыл желекті тал-дарақты көбейту, орман дақылдарын егу және оларды күтіп баптау, тиісінше қору мен тілсіз жаудан қорғау кіреді.

Жыл он екі айдың аптап ыстығы мен суық ызғары қатар жүретіні секілді, біздің жұмыста әр маусымға тыңғылықты дайындықты қажет етеді. Жаз шықса шала-жансар жатқан даланы шарпыған оттан қорысақ, күз келе жойылуға шақ қалған жануарларды кісі қолынан қорғаймыз. Себебі біздің аумаққа қарасты қыратты аймақта Қарақұйрық, Қаратау арқары, Үнді Жайсары, Жек дуадақ сынды тағы басқа бірқатар елімізде сирек кездесетін аң-құс мекен етеді. Осы орайда, құрметті аудан тұрғындарын табиғат анамызды аялап, өміріміздің айнымас бөлігіне айналған аң-құсқа аяушылықпен қарап, олардың көбейіп, көркеюіне атсалысуға шақырамын.

Сондай-ақ, тұтануға бейім шөпті аумақта темекі тұқылдарын тастап немесе көгалдандырылған жерде үй жануарларын жаюға болмайтындығын қатаң ескертеміз! Жоғарыда аталған фактілер тіркеліп, тұлғаның кінәсі дәлелденген жағдайда құзырлы органдар тарапынан айыппұл арқалап, арнайы заңда көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жазаға тартылатындығын хабарлаймыз!

О.Әділханов, Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ-нің  аңшылықтанушысы

Жаман әдеттен саќтану — басты талап

Бүгінгі таңда, өзекті мәселелердің бірі жастар арасында құқықбұзушылық пен бос уақытын тиімді пайдалану болып табылады. Себебі, жұмысы жоқтық, «қарны тоқтық» етіп жүрген жастардың айналысатын ісі болмағандықтан бағыт — бағдарсыз өседі. Ал, жүгенсіз кеткен ел болашағының алды тұман, істері күмән болары сөзсіз.

Осы орайда, ауданымыздағы «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері жастардың түзу жолда адаспауы үшін бар күшін жұмылдырып қызмет етіп келеді. Саналы уақытты құр әуестікке сарп етпей, сергелдеңге түспеуі үшін сенімді қадамдарды нық басу қажет. Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мақсатында «Әулиеата жас-тары» мемлекеттік бағдарламасы жастарға кеңінен мүмкіндік беруде. Жұмыссыздықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды арттыру, құқықбұзушылықты болдырмау, жас отбасыларды пәтермен қамтамасыз ету сынды көптеген тараулары бар бағдарлама нәтижесінде жастар өз мүмкіндіктерін дұрыс пайдаланып, тынысын кеңінен ашуда. Мемлекеттік ұйымдар, құқықтық органдар мен мекеме, бөлім мамандары жастармен түрлі кездесулер жасап, жас-тарды жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыюда. Аудан прокуратурасы құзырлы органдармен және аудандық мәслих­ат депутатымен бірле­сіп, аудан аумағында орналасқан колледж және мектеп оқушыларым­ен нашақорлық және психотроптық заттардың зияндығы, олардың адамдарға қауіпті са­лдары, нашақорлық қы­лмыстарына күрес пен лудомания және ерте жүктілік бағытында өзекті мәселелер тақ­ырыбында жуырда Жаңа­тас көпсалалы коллед­жінде білімгерлермен кездесу өткізілді. Кездесуге аудан прок­урорының орынбасары Е.Берікұлы, аудан пр­окуратурасының аға прокуроры Д.Қожабеков, аудандық полиция бөлімінің инспекторы М.Даулен, аудандық орталық аурухананың қызметкері Ғ.Якупова және «Жастар ресурст­ық орталығы» КММ-нің директорының орынба­сары, аудандық мәсли­хат депутаты Б.Балға­бай қатысты.

Кездесу барысында қозғалған мәселе аясы­нда оқушыларға бейне­роликтер көрсетіліп, профилактикалық жұм­ыстар жүргізілді.​

Жүргізілген кездесу­лерге оқушылар қызығ­ушылық танытып, өз пікірлерін білдіріп, олардың сұрақтарына жауап берілді.

Жастарға арналған мұндай пайдалы жиындар тұрақты түрде жүрг­ізілетін болады.

«SARYSÝ-AQPARAT»

Ќамшы єўмыр-тамшы жыр

Небәрі 21 жыл ғұмыр кешіп, өмірден ерте кеткен арқалы ақын Артығали Ыбыраевтың отты жырларын бүгінгі зиялы қауым өкілдері емірене тұрып еске алады. Артығали ақын осындай қысқа ғұмырында аз жазса да, саз жазды. Көк жүзінде жасындай ағып өткен қыршын ғұмыр қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасын қалдырып, аңызға айналып үлгерді.

Әрбір шумағы төгілген тіркеске, ауқымды тақырыпқа арқау болған сөз зергерінің өлеңдерін оқырман ауыздан-ауызға таратып,  айтып келеді. «Адамдар сияр табытқа, Ақындар бірақ, сыймайды» деп жырлаған Артығали ақын кешегі кеңестік кезеңнің үстемдігіне қарсы тұрып, ұлтымыздың намысын қорғаймын деп жүріп, «Аққан жұлдыздай» жарқырап бұл өмірден өте шықты. Тірісінде таудай талабымен талай белестерді бағындырған жерлес ақынның 70 жылдық мерейтойына орай, аудандық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен аудандық «Коворкинг» орталығында «Қамшы ғұмыр- тамшы жыр» атты әдеби караоке болып өтті. Қазақ поэзиясының аспанында құйрықты жұлдыздай ағып өткен сирек талант иесі Артығали Ыбыраевтың өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа таныстыра отырып, отансүйгіштікке, адалдыққа тәрбиелеу, әдебиетті сүюге баулу мақсатында өткен шараға Қазақстан Журналистер  Одағының мүшесі Б.Нұрмаханұлы, аудандық алқа билер кеңесінің төрағасы С.Аппазов, аудандық алқа билер кеңесінің мүшесі Ш.Қалжанов қатысып, ақынның ғазиз өмірінен сыр шертетін естеліктермен бөлісті. Рухани кеш барысында кітапхана қызметкері Б.Әлиев Артығали Ыбыраевқа арнаған жүрекжарды өлеңін оқыса, ақынның «Өмір заңы», «Далам менің», «Ақын» атты өлеңдерін кітапхана қызметкерлері Ш.Қаспақова мен М.Тұрлыбекова мәнерлеп оқыды. Кітапханашы Р.Қадырбекова «Қазақстан алға» әнін тамылжыта орындап, кештің сәнін келтірсе, қызметкер Л.Рахымбаева Артығали Ыбыраевқа арналған кітап көрмесіне  библиографиялық шолу жасады.

Самат Тоқбанов,  

«Sarysý»

Нарушение осанки у учеников

В первый год жизни ребенка родители обычно очень беспокоятся и готовы хоть каждый день заниматься его здоровьем – консультироваться с врачами, выполнять различные комплексы упражнений, массаж. А потом решают, что раз все в порядке, то так оно будет и дальше.

И в этом таится большая опасность. Осмотры у ортопеда должны проводиться на регулярной основе, раз в год, даже при отсутствии жалоб, потому что родители могут заметить признаки искривления гораздо позже, чем специалист. Прогрессирование каких-либо проблем со спиной можно ожидать в период активного роста, то есть в дошкольном и младшем школьном возрасте, а затем в пубертатном периоде.

Период наиболее активного формирования осанки идет до 7-8 лет, однако окончательно она формируется к 17-20 годам. Поэтому у младших школьников чаще всего речь идет не об искривлении позвоночника как такового, называемом сколиоз, а о так называемой сколиотической осанке, когда костные структуры еще не задеты, нет патологической перестройки самих позвонков, нарушение существует на уровне мышечного корсета. Однако поставить точный диагноз и дать адекватные рекомендации может только врач-ортопед. Наиболее часто нарушение осанки вырастает из обычной привычки неправильно сидеть. Обратите внимание, как сидит ваш ребенок, когда делает уроки, за обедом, во время просмотра телевизора. Не стоит рассчитывать на то, что если от рождения ему досталась красивая прямая спинка, природа возьмет свое. Дело в том, что сгибательный тонус мышц у человека преобладает над разгибательным, и большинство детей, усаживаясь с комфортом, выбирают позу, далекую от идеальной для формирования красивой осанки. Память мышц формируется довольно быстро, и вот уже ваше чадо не только сидит, но и стоит, и ходит, опустив одно плечо выше другого или ссутулив спину, расслабляя одни мышцы и перенапрягая другие. Со временем мышцы привыкают к этому положению и нарушение осанки фиксируется.

Столешница рабочего места ребенка в идеале имеет уклон около 15 градусов. Когда ребенок сидит за рабочим столом, его тазобедренные, коленные и (это важно!) голеностопные суставы должны находиться под углом 90 градусов. То есть ноги упираются в пол, а соотношение высоты стола и стула таковы, чтобы в спокойном положении сидя ребенок мог, не сгибаясь положить руку (от локтя до кисти) на стол. Оптимальная глубина сиденья составляет 2/3-3/4 длины бедра ребенка. Спинка стула должна позволять ребенку опереться на нее спиной, а между грудиной и кромкой стола помещается ладошка. Ортопеды крайне не рекомендуют школьникам покупать стулья на колесиках, так как отсутствие твердой опоры в пол не позволяет принять правильное положение. При правильно оборудованном рабочем месте снижается и правильно распределяется нагрузка на мышцы шеи и спины, что позволяет

Статические нарушения осанки есть у каждого третьего ребенка в возрасте 6-7 лет. У старших школьников эта цифра стремится уже к 50%. При этом врожденные нарушения осанки составляют лишь 5-10% от существующих деформаций.

Если осанка нарушена, в первую очередь назначают лечебную физкультуру, плавание.

Массаж, физиопроцедуры, остеопатия, мануальная терапия — также активно используются для устранения нарушений осанки. Задача этих процедур – устранить текущий мышечный дисбаланс. Однако это не «волшебная таблетка», дающая результат раз и навсегда. Если дальше не заняться формированием мышечного каркаса, все проблемы вернутся и будут прогрессировать.  Особо хочется сказать о различных корсетах, помогающих поддерживать правильную осанку. Если только это не было назначением врача, не надо надевать их на ребенка. Вы, конечно, будете видеть его прямую спину. Однако держаться она будет за счет внешних приспособлений. А значит, мышечный каркас останется вялым, и как только корсет будет снят, все вернется на круги своя.

В детском возрасте, в большинстве случаев, справиться с нарушениями осанки можно, но, конечно, это требует определенных усилий и терпения от родителей.

С.Алибаева, заместитель

департамента санитарно-

эпидемиологического контроля             

Газ баллондарын пайдаланған кезде абай болыңыз

Газ баллондарын пайдаланған кезде абай болыңыз. Көптеген табиғи газдар адамдар үшін қауіптің ықтимал көзі болып табылады. Ең қауіптісі – күнделікті өмірде қолданылатын метан және сұйытылған газ (баллондарда).

Ағып кету кезінде олар тұншығуды, улануды және ең жаманы жарылысқа әкелуі мүмкін. Тұрмыстық газдың жарылуына жол бермеу мақсатында Сарысу ауданы ТЖБ-нің қызметкерлері газ аспаптарын пайдалану және оларға күтім жасау ережелерін мүлтіксіз сақтау туралы ескертеді:

  1. Газ аспаптары мен жабдықтарын орнатуды, реттеуді, тексеруді және жөндеуді білікті мамандарға тапсырыңыз;
  2. Газ баллонын желдетілетін жерде, тек тік күйде сақтаңыз;
  3. Шар мен газ түтігін жылу мен тікелей күн сәулесінен қорғау үшін шаралар қолданыңыз;
  4. Баллонды ауыстырмас бұрын, жаңа және пайдаланылған баллондардың крандары жабық екеніне көз жеткізіңіз;
  5. Жақын жерде от, ыстық көмір, электр аспаптары қосылған кезде газ баллонын ауыстырудан аулақ болыңыз;
  6. Баллонды газ плитасымен қосу үшін қауіпсіздік қысқыштарының көмегімен бекітілген, ұзындығы бір метрден аспайтын таңбалануы бар арнайы (кездейсоқ емес) икемді резеңке шлангіні пайдаланыңыз. Оның созылуына немесе қысылуына жол бермеңіз;
  7. Пайдаланылмайтын баллондарды (тол-тырылған немесе бос) үй – жайдан тыс жерде сақтаңыз;
  8. Балаларды газ аспаптарына жіберу жағдайларын болдырмаңыз;
  9. Газ аспаптарын қосу кезектілігін сақтаңыз: алдымен сіріңкені жағып, содан кейін газ беруді ашыңыз;
  10. Газдың ағып кетуіне жол бермеу үшін қайнаған сұйықтар отты толтырмас үшін пісіру кезінде бақылаңыз. Қыздырғыштарды үнемі тазалаңыз.
  11. Жұмыс аяқталғаннан кейін баллон кранын ЖАБУДЫ ҰМЫТПАҢЫЗ!;
  12. Үй – жайда газдың иісі пайда болған кезде газ беру кранын жабу, үй-жайды желдету үшін терезелер мен есіктерді дереу ашу, ашық отты пайдаланбау, электр және электр аспаптарын қоспау, телефон сымы мен розеткаларды тартып алу керек;

Егер жағдай бақылаудан шығып кетсе, өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды «104», «101» немесе «112» телефоны бойынша хабарласу керек!

Ә.Бекенов,

 Сарысу ауданы ТЖБ аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.