ЖАҢАТАС ҚАЛАСЫ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТ

0

ЖАҢАТАС ҚАЛАСЫ ӘКІМіне кандидат Исентаев Абдулла Изатуллаұлының

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАсы

Мен Исентаев Абдулла Изатуллаұлы 1980 жылы  25 нау-рызда  Жаңатас қаласында дүниеге келдім. Қазіргі таңда Сарысу ауданы Жаңатас қаласының тұрақты тұрғынымын. Осы  қаланың   Абылай хан атындағы мектеп-лицейінің (бұрынғы Ю.А. Гагарин) мектебі түлегімін.

1997 жылы   Тараз қаласының  М.Х.Дулати атындағы мемлекеттік университетінің  экономика  факультетіне түсіп, 2002 жылы  «Табиғатты пайдалану  экономикасы»  мамандығын иелен-дім.

Алғашқы еңбек жолымды   2000 жылдан  қала орталығынан «АРАЙ» жастар және жасөспірімдер, көңіл көтеру орталығы  жеке кәсібін  ашумен бастадым.

2001-2003 жылдары аудандық жастар комитетінің  мүшесі болып тағайындалдым. Аудан және қала жастарының арасында  түрлі ойын- сауық кештер мен жарыстар ұйымдастыру жұмыстарымен айналыстым.

2003-2010 жылдар аралығында Алматы қаласының ЖШС «Алма Мебель» компаниясының өндіріс істері жөніндегі директоры болып қызмет атқардым.

2011-2012 жылдары аралығында жеке кәсіппен айналыс-тым.

2013-2017 жылдары  құрылыс және теміржол құрылысымен айналысатын ЖШС «ZHETYSU  Group Corporation» компаниясының  директорының орынбасары қызметін атқардым.

2018  жылдан қазіргі таңға дейін ЖШС  «Жаңару-2017»  директоры  болып жұмыс жасаудамын.

Мен қасиетті Сарысу жерінде туып-өстім. Туған өлкемнің тарихын да, халқымның басынан өткен  қиын-қыстау кезеңдерді де жақсы білемін. Жоғары оқу орнын бітіріп, өндірістік жұмысқа тұрғаннан бері осы өңірді дамыту жолындағы сан алуан жұмыстарға, әсіресе, халықты баспанамен қамтамасыз етуге, құрылыс саласын дамытуға  белсене араласып келемін. Бұл бағыттағы жетістіктерімді халық біледі.

Қаламыздың экономикасы ірі кәсіпорындарға тәуелділігі, қолайсыз экологиялық жағдай, сыбайлас жемқорлық фактілерінің өсуі қаланың өзекті мәселелерін ескере келе, мен өз сайлауалды бағдарламамда келесідей мақсаттарды көздеймін:

«Жас келсе, іске» демекші, көлге тамған тамшыдай болса да еліме, мемлекетіме қызмет жасап, қала тұрғындарының қолайлы өмір сүруіне жағдай жасау  мақсатында Жаңатас қаласының әкіміне үміткер ретінде өз кандидатурамды ұсынып отырмын.

Үміткер ретінде қаланың экономикалық, әлеуметтік аспектілерін жан-жақты зерделей келе, келесі бағыттар бойынша жұмыстарды жүргізуді жөн көремін.

Жауапты билік пен тиімді басқару жүйесін құру:

Әкімдік пен тұрғындар арасындағы байланысты дамыту:

Экономикалық даму мен өсім:

Инфрақұрылымды дамыту: /газ, су, жол, жарық /

Бала қауіпсіздігі – басты назарда! Сол себепті балалардың ойын алаңшаларын, футбол алаңдарын салу және сапасына көңіл бөлу, жаңарту.

Ауыл шаруашылығын дамыту:

Жұмыспен қамтудың тиімділігі және баспанамен қамту: тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, жаңа үйлердің салынуын қарастыруға барынша  үлес қосу.

Әлеуметтік саланы дамыту:

Қаланың  көгалдандыру  және санитарлық тазарту бойынша жұмыстар жүргізу;

Саябақты заманауи бағытында жандандыру-басты мақсатым. (атракцион, аквапарк т.б)

Қала аумағындағы саябақтар ішінен ұлттық салт-дәстүрді, ұлттық музыканы насихаттайтын этноауыл формасындағы шағын кәсіпкерлік нысанын ашу жолдарын қарастыру;

Қаламызда  спорт және  денсаулық сақтау салаларын дамытуда, жас жеткіншектердің денсаулықтарын дұрыс қалыптастыруға үлес қосу мақсатында талапқа сай, шағын, жабық спорт кешенін және бассейн салынуының тиімді жолдарын жан – жақты қарастыру;

Бүгінгідей күрделі  кезеңде осындай зор сенім мен жауапкершіліктің үдесінен табылу кім-кімге де сын болатынын жақсы сеземін.

ҚҰРМЕТТІ МЕНІҢ сайлаушыларым!

Ауданымыз бен қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген азамат ретінде алдағы жылдарда  үміткер ретінде алға қойған мақсат-мүддемізге қол жеткізуге мүмкіндік туатынын хабарлаймын. Барлық айтылған бағыттарды жүзеге асыру үшін өмірлік тәжірибем мен білімім жеткілікті деп ойлаймын. Елге қызмет етуге дайынмын! Мен үшін әрбір тұрғынның болашағы өте қымбат екенін біліңіз! Маған сеніп тапсырылған және сауалдарыңызды көтеруге сіздердің қолдауларыңызбен қала әкімі ретінде барынша үлес қосамын!

Leave A Reply

Your email address will not be published.